Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:24, 15 Қараша 2023

Әйелін ұрып, пышақпен жарақаттаған экс-шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

шенеунік
Фото: из открытых источников

Үш жыл бұрын әйелін телефон зарядтағышының сымымен ұрып, асхана пышағымен қолын кескен Жомарт Қаратас жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Жетісу облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, шенеунік 2023 жылдың 25 қыркүйегінде Жетісу аудандық халық шығармашылығы орталығының директоры болып тағайындалған.

2020 жылы Жомарт Қаратас «Алматы облысының жастар саясаты мәселелері» басқармасының басшысы қызметін атқарды. Сол жылы шенеуніктің әйелі оны ұрғаны туралы полицияға арыз түсірді. Оның айтуынша, Жомарт Қаратас оны жеті жыл бойы әйелін ұрып-соғып, қорлаған.

Лауазымды тұлғаға қатысты полиция қызметкерлері 73-баптың 2-бөлігімен (тән ауруын тудырған, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтірмеген ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

Шенеунік әйелін ұрып-соққанын жоққа шығарып, сотта кешірім сұрады, содан кейін іс тоқтатылып, жазадан құтылып кеткен болатын.