Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 17:17

Шымкентте әкім орынбасарына шабуылдың себебі не?

Руслан
Фото: zhasalash.kz

Шымкент қалалық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті жарақаттады деген күдікпен Ернар Жиембайдың ісі қаралып жатыр. 

Күдіктінің айтуынша, алғашқы күннен бастап қысым мен моральдық қорлық күшейе түскен. 

«Сенің түрің қандай қандай өзі? Шаштарың түсіп қалған. Қайдан келгенсің өзің» деді. Көңіліме тиіп кетті. Бірақ ол кісіге артық сөз айтпадым. «Жұмыста осылай киінесіңдер ме сендер» деді. Жағдайды түсіндірейін деп едім, уын шашып жібереді. Қабылдамай жатты. Мен сөйлеймін, ол жерге кіргізеді. Жұмысымды көрсетейін десем, «сен өзі қандай адамсың» деп, балағаттады. Кабинетінен шығып кеттім», - деді ол.

Жиембайдың алдынан көмекшісі шығып қалған. Оған бар жайды айтқанда күте тұруын сұраған.

«Сен мылқаусың ба, отыршы» деді. «Не үшін ар-намысыма тиетін сөздерді айтып отырсыз, жекеме өтпесеңізші» дедім. «Арыз жаза салшы» деді. «Кетем» дедім. Балағаттады. «Шық та кетші» деді. Кеттім. Мен не істеп қойдым?», - деді сотталушы.

Жиембайдың сөзіне сенсек, кездесуден кейін Берденов оған бірнеше адам арқылы «соттатамын» деген сәлем жолдаған. Осы жағдайдан кейін Жиембай ашық сөйлесуге тырысқан, алайда нәтиже болмаған. Күдікті өзіне тағылған айыптардың ешқайсысын түсінбегенін айтып, тек әділет іздегенін жеткізеді.

«Бір нәрсе істеп қойсам түсінемін. Жәйдан жәй тағдырымды сындырып жіберейін деп жатыр. Арадан екі апта өтті. Осы уақыт ішінде күйзеліске түстім, стресс алдым. Кабинетіне келдім. Берденов «сен кірші» деді. Ең қатты ашуланғаным сол жер болды. «Сен арыз жазбаймын деп жатыр екенсің ғой. Ернар сені қаматамын. Әйелің әдемі екен. Қамаласың әйелің жезөкше болады, балаң жетім қалады. Саған сол керек пе?» деді. Үндемедім, бірақ ашуландым. Балағаттады. «Кім не айтқанын білмеймін. Сізді құрметтеймін. Мені қаматамын дегеніңізді түсінбедім. Не үшін маған тіс қайрап тұрсыз? Не істедім сізге? Әйеліме лайк басқаныңызды көріп, қызғаныш сезімдерімді айтып жатқан жоқпын» десем, «сен әйеліңді маған жабыстырма. Қатыныңа ие бол. Өзіңе сенімсіз еркексің ғой» деп менің айтқанымды басқа жаққа бұрып кетті», - деді Жиембай сотта.

Екі аптаға жуық уақыт ішінде психологиялық күйзелісте болғанын мойындаған Жиембай Берденовтің тарапынан айтылған ауыр сөздер өзегіне өтіп кеткенін, отбасында да жағдай ушығып, әйелінің де өзіне қолдау көрсетпегенін айтқан. Оның сөзінше, отбасылық жанжалдар да осы оқиғамен тығыз байланысты болған.

Кейіннен ол әйелімен ажырасуға шешім қабылдап, ресми түрде сотқа арыз берген. Әйелі де бұл шешімге қарсы болмаған.

Берденовтің денсаулығына байланысты бүгінгі сот отырысына қатыса алмағаны хабарланды. Алайда судья оның сотта жеке қатысуын талап еткен болатын.

Бірақ Берденов өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, сотқа бармау себебін айтты. Ол желідегі парақшасында жазба жариялады.

Руслан
Фото: Instagram
Руслан
Фото: Instagram

Айта кетейік, Ернар Жиембайдың ісі Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) және 24-баптың 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және оқталу) бойынша қаралып жатыр.