Айға жаңа қадам: NASA-ның «Артемида-2» миссиясы басталды
NASA-ның «Артемида-2» миссиясы аясында "Орион" кемесі 1 сәуір күні сәтті ұшырылды. Экипаж 10 күн ішінде Айды айналып, Жерге қайта оралуы тиіс.
Кеме Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш орталығы-ның 39А ұшыру алаңынан ұшырылды.
Ұшырылым:
-
АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытымен – 18:35-те;
-
Еуропа уақытымен – 2 сәуір 00:35-те жүзеге асты.
Ұшырылым үшін әлемдегі ең қуатты зымырандардың бірі – Space Launch System (SLS) пайдаланылды. Ол 2,65 млн литр криогенді отынмен толтырылған.

Экипаж құрамы
«Орион» кемесінде төрт астронавт бар:
-
Рид Уайзман;
-
Джереми Хансен;
-
Кристина Кох;
-
Виктор Гловер.
Виктор Гловер – Ай миссиясына қатысқан алғашқы афроамерикалық астронавт, ал Кристина Кох – мұндай миссияға қатысқан алғашқы әйелдердің бірі.
Бастапқыда миссия 2026 жылдың наурызына жоспарланған. Алайда SLS зымыранында гелий беру жүйесіне қатысты ақаулар анықталып, ұшу кейінге шегерілген.
Ай бағдарламасының келесі кезеңі
Бұл – АҚШ-тың жаңа Ай бағдарламасындағы екінші кезең.
-
«Артемида-1» миссиясы 2022 жылы экипажсыз сынақ ретінде өтті;
-
«Артемида-3» миссиясы аясында 50 жылдан кейін адамдар қайтадан Айға қонуы жоспарланып отыр.
«Артемида» бағдарламасы 2019 жылы жарияланған. Оның мақсаты:
-
адамды Айға қайта жеткізу;
-
тұрақты пилотты миссияларды дамыту;
-
Марсқа ұшуға дайындық базасын құру.