Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдіктілер неге Қазақстанға экстрадицияланбады?
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев Айгүл Сайлыбаеваны өлтіруге күдіктілер неге Қазақстанға экстрадицияланбай жүргенін түсіндірді.
Қойшыбаев Ішкі істер министрлігінде азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын алға тартты.
"Ресей Федерациясына осы тұлғалардың азаматтығын анықтау үшін халықаралық тергеу тапсырмасы жіберілді. Білгеніңіздей, Ресей Федерациясы да, біз сияқты, өз азаматтарын бермейді. Донцоваға қатысты азаматтық анықтамасы алынған соң, қылмыстық іс Ресей тарапына жіберіледі. Сонда олар әрі қарай тергеп, күдіктілер жазасын алады. Сонымен қатар, мен бірнеше күн бұрын тергеу комитетінің төрағасы, мырза Бастрыкиннің осы істі өз бақылауына алғаны туралы естідім", – деді Ғалымжан Қойшыбаев.
Бас прокурордың орынбасары күдіктілерге қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтпады. Дегенмен, тергеу нәтижелерді жақын арада болады.
"Біз ресми құжат аламыз. Кейін біздің тараптан дереу шаралар қабылданады. Олар іздеуде жарияланған. Қайда барса да, олар іздеуде болады", – деді Қойшыбаев күдіктілер басқа жерге қашып кете ала ма деген сұраққа жауап беріп.