Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:00

"Айлық мәселесі": "Астана-Зеленстрой" жұмысшылары наразылыққа шықты

"Астана-Зеленстрой" жұмысшылары
Фото: ашық дереккөз

Айлық мәселесімен наразылық білдірген жұмысшылар бас кеңсенің алдына жиналды.

"Астана-Зеленстрой" компаниясының бір топ қызметкері жалақы төңірегіндегі түйткілдерді көтеріп, бас кеңсенің алдына жиналды. Жұмысшылардың айтуынша, еңбекақы уақытылы төленбейді, ал төленген күннің өзінде де бекітілген мөлшерден аз беріледі.

– Біз жалақымызды дұрыс алғымыз келеді. Үш жылдан бері “айлық көбейеді” деп уәде беріп келеді, бірақ нәтиже жоқ. Мұнда осыған байланысты шағымданатын адамдар аз емес. Бұдан бөлек, мекеме басшылығы тарапынан дөрекі сөздер айтылып жатады. Қазір осында тұрмыз, жанымызда учаскелік полиция өкілдері бар. Олар жолды жаппаңдар, тәртіп бұзылмасын деп ескертті. Біз де ешқандай жанжал шығарғалы тұрған жоқпыз – тек әділетті еңбекақы талап етеміз, – деді наразылық білдірушілердің бірі.

Компания туралы не білеміз?

"Астана-Зеленстрой" — елорда аумағында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын. 2005 жылы бұрынғы "Зеленстрой" коммуналдық кәсіпорнының негізінде құрылған. Компания ағаш, бұта, гүлзарлар мен газон егу және күтіп-баптау, саябақтар мен скверлерді абаттандыру, фонтандарды күтіп ұстау, сонымен қатар ландшафтық жобалау мен оған қатысты жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу жұмыстарымен айналысады.

Айта кетейік, 2023 жылы компанияның бұрынғы басшысы Айбар Наурызәлі 9 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін сотталып, 185 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелген еді.