Аз қалды-ау. Склярдың да сазайын береміз...
Қаңтар оқиғаларына не себеп болды? Біздің олигархтар тойымсыз шенеуніктермен қосылып, Қазақстанда ойына келгенін істеді.
Асқар Маминнің үкіметі сол кезде халықтың ақшасын олигархтардың қалтасына айдайтын алып насосқа айналды.
Кезінде Роман Скляр басқарған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұрынғы вице-министрі Тимур Тоқтабаев қамауға алынды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр тікелей жетекшілік ететін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақстандық кеніштерді бармақ басты, көз қыстымен шетелдіктерге үлестірген. Ашық тендер мен аукциондарсыз. Қазақстанның жолдарын алайық. Еліміз халық саны аз, ұзынқұлақ жақсы жұмыс істейді.Сондықтан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шенеуніктерінің жол салу мен жобалаудағы откат мөлшері де баршаға белгілі. Жол төсеу құнының 30-дан 60%-на дейін. Сонда құрылысқа не қалады? Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттен облыстық жол құрылысына 700 млн теңге бөлінді. Сома аз емес. Бірақ бұл жерде ең таңғаларлығы, жергілікті тұрғындар асфальт төселген жерді көрмеген. Олар ескі кенеп үстіне қиыршық тас төсей салған, ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жол құрылысы комитетінің қызметкерлері оны толыққанды салынған жол деп санап тастаған.
Білмеймін, халықтың ары кетсе елу миллион теңгесі осы «заманауи» қиыршық тас жолға жұмсалған шығар. Бірақ қалған алты жүз елу миллион теңге қайда кетті – бұл қызық сұрақ. Прокурорға сұрақ. Жай ғана қызығушылықтан. Кім екен жеп қойған? Оның үстіне, мердігердің аты-жөні де белгілі. Ол Геворг Погосян деген азамат. Олай болса, ол кісі атамекені Арменияға қашып кетпей тұрғанда оны неге тергемеске? Міне, тағы бір қызық сұрақ. Неге қазақтың Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жол құрылысының тендерін өзіміздің отандық кәсіпкерлерге емес, армениялық мердігерлерге береді? Жауабы белгілі-ау.Өйткені форс-мажор жағдай туындаған жағдайда «армян жолдастармен» параға келісу оңай. Олар Арменияға қашып, іс бітіп, қу кете салады. Оларды кім іздейді? Міне, бізде осындай алғашқы қатты жаңбырға дейін ғана шыдайтын жолдар салынуда. Ұрлық деген өршіп тұр. Сіз бен біздің, халқымыздың қалтасынан ұрлап жатыр.Міне, тағы бір факт. Қоғам қайраткері Дидар Смағұлов айтады: – Жол салу үшін жыл сайын миллион тонна битум қажет. Тіпті қай облысқа қанша тонна керек екенін де білеміз. Бірақ бүгінде битум делдалдардан сатып алынады. Трейдерлер дейтіндерден. Тікелей зауыттардан емес. Зауыттан тек монополист «ҚазАвтоЖол» ғана тікелей сатып алады. Ал жеке компаниялар делдалдарға ақша төлеуге мәжбүр. Ал егер айырмашылықты есептесеңіз… Біз құр делдалдардың жылына қанша табатынын есептедік, сметада тоннасына жүз он мың теңге дейді, сосын тоннасы екі жүз елу мың теңгеден сатылады. Сонда делдалдар бір миллион тонна битумнан жүз елу төрт миллиард теңге табады екен, – деп ашуланады қоғам қайраткері.Міне, арифметика. Ауадан ақша жасау. Біз тек әлгі делдалдардың кім екенін білсек қой. Біздің ақшамыздың кімнің қалтасына кеткенін білейік? Жалпы, қазақстандық жол құрылысы саласында мұндай жемқорлық схемалар жетерлік. Бiрақ бiздiң елiмiзде осы схемалармен тым болмағанда бiр шенеунiк ұсталды ма? Олардың арасында түрмеге отырғандары бар ма? Ең бас жемқор шенеунік кім? Осыны білсек, қызық болар еді. Қазақстандық жол құрылысы саласындағы заңсыздық ел басшылығын ашуландырды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шенеуніктерінің бюджет ақшасын ұрлауы мәселесін көтерді.Президент соңғы жолдауында Қазақстанда соңғы он жылдағы сапасыз жол құрылысының барлық фактілері тексерілетінін тікелей айтты. Ал мұндай сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағандар да, оны жасырған тұлғалар да қатаң жазаланатын болады.Ал біз Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярға қатысты журналистік зерттеуімізді жалғастырамыз.
P.S. Материал баспаға дайындалып жатқанда, Виктор Долгалев маған қоңырау шалды. Роман Скляр мен оның қарамағындағылар кәсіпорнынан титан-цирконий рудаларының Обухов кен орнын тартып алып, қытайларға бермек болғаны туралы айтты. Жә, құрметті Виктор Иванович, сіз әзірге мұндай ұсақ-түйекпен мазаламай тұра тұрыңыз. Роман Скляр мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шенеуніктерінің үлкен ұрлығы ашылайын деп жатыр мына. Осындай кең ауқымды жаппай жымқырудың жанында бір ғана эпизод туралы айтудың өзі күлкілі. Жергілікті халықтың ақшасын ұрлаудың бұрын-соңды болмаған көкесі жасалған екен. Ал сіз қайдағы бір кен орны дейсіз…