«AZAL ұшағы апаты бойынша тергеу қашан аяқталады?»: Бозымбаев жауап берді
Вице-премьер Бозымбаев AZAL ұшағы апаты бойынша тергеу қашан аяқталатынын айтты.
«2024 жылғы желтоқсан айында Ақтау маңында құлаған AZAL жолаушылар ұшағына қатысты тергеу екі бағытта жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады вице-премьер Қанат Бозымбаев.
Оның айтуынша, қылмыстық істі Бас прокуратура тергеп жатыр, сонымен қатар Ресей мен басқа елдердің мамандары да тартылған. Ал әуе апатының техникалық себептерін анықтау жұмысын Көлік министрлігі жүзеге асырды. Бұл бағыттағы тергеу аяқталуға жақын.
«Аэронавигациялық құрылғылар мен басқа да техникалардың өндірушілерінен соңғы қорытындыны күтіп отырмыз. Сол құжаттар келген соң тергеуді биыл немесе келесі жылдың басында аяқтай аламыз», - деді Бозымбаев.
Еске салайық, 2024 жылы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан жолаушылар ұшағы Ақтау маңында құлап, 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалған.