Азат Еуропа/Азаттық радиосы Душанбеден тілшілеріне қысымды доғаруды талап етті

29.08.2019, 02:00

4

Азат Еуропа/Азаттық радиосы (АЕ/АР) корпорациясы Тәжікстан билігінен сол елдегі тілшілеріне аккредитация беруді және оларға қысым жасауды тоқтатуды талап етті. АЕ/АР президенті Джейми Флай Тәжікстандағы баспасөз бостандығының ахуалына байланысты алаңдаушылық білдірді.

27 тамызда Душанбеде Джейми Флай Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Асловпен кездесті. Ол Тәжікстан билігін Азат Еуропа/Азаттық радиосының Тәжік қызметі – Озоди радиосының Душанбедегі бюросының тілшілеріне ел аумағында жұмыс істеуіне ресми аккредитация беруге шақырды. АЕ/АР президенті «азаматтардың алуан түрлі ақпарат құралдары арқылы жаңалықтардан хабардар болуы тәжік қоғамының ұзақ мерзімді мүддесі мен қауіпсіздігіне сай екенін» үкімет түсінеді деп үміттенетінін айтты.

Тәжікстандағы Озоди радиосының сегіз журналисі мен қызметкеріне сыртқы істер министрлігі аккредитация беруден бас тартып, олардың ел аумағында жұмыс істеуіне тыйым салған. Бұған дейін Аслов Тәжікстан билігі Озоди радиосын жаппайтыны, бірақ «мақалалары мемлекеттік саясатқа зиянын тигізетін» журналистерге аккредитация бермейтіні туралы мәлімдеген.

Озоди радиосы – Тәжікстандағы мемлекеттік БАҚ-тарға балама, тәуелсіз хабар тарататын санаулы ақпарат құралдарының бірі. Озоди радиосының YouTube-каналы (737 мың қолданушы жазылған, 2018 жылы видеолары 200 миллион рет көрілген) мен Facebook әлеуметтік желісіндегі парағы (176 мың қолданушысы бар, өткен жылы видео көрілімі 14 миллионға жеткен) Тәжікстанда аса танымал.

Бас кеңсесі Чехияның астанасы Прага қаласында орналасқан Азат Еуропа/Азаттық радиосы (АЕ/АР) корпорациясы сөз еркіндігі шектелетін немесе еркін БАҚ әлі толық қалыптаспаған 22 елде (арасында Қазақстан да бар) 26 тілде әртүрлі платформа (интернет, радио, телеарна, видео) арқылы хабар таратады. АЕ/АР аудиториясы — 34 миллион адам.

Корпорацияны АҚШ конгресі жаһандық медиа агенттігі (USAGM) арқылы қаржыландырады. Америкалық шенеуніктерге, үкімет мүшелеріне корпорацияның редакциялық саясатына араласуға тыйым салынған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39