Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:02, 16 Шілде 2023

Азат Мақсұм UFC турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

None
None

Жеңіліп көрмеген қазақстандық спортшы Азат Мақсұм UFC турнирінде америкалық Тайсон Нэмасқа қарсы дебют жасады.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек Лас-Вегастағы UFC Fight Night турнирі аясында өтті. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен Азаттың жеңісімен аяқталды – 29:28, 28:29, 29:28.

28 жастағы қазақстандық үшін бұл кәсіпқой кездесудегі 17 жекпе-жектегі 17-жеңісі.

39 жастағы Тайсон Нэм UFC-дегі сегізінші жекпе-жегін өткізіп жатыр. Қазір оның үш жеңісі мен бес жеңілісі бар. Осыдан бес жыл бұрын Нэм Жалғас Жұмағұловтан жеңіліп қалған болатын.

Тегтер: