Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:44, 20 Ақпан 2023

Азат Перуашев «Астана су арнасы» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесті

None
None

Бүгін «Ақ жол» демпартиясының төрағасы Азат Перуашев пен партияның елордалық филиалының жетекшісі Асқар Смағұлов сайлауалды үгіт-насихат аясында «Астана су арнасы» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу аясында «Ақ жол» лидері партияның бағдарламасына тоқталып, жұмысының басым бағыттарын атады.

— «Ақ жол» партиясы — бұл отандық өндірушілер партиясы. Біз үнемі Парламент мінберінен болсын, жалпы өкілетті органдармен сөйлескен кезде де осы отандық өндірушілерді нақты іс жүзінде қалай қолдау керектігін айтып отырамыз, — деген Азат Перуашев, партия бағдарламасын егжей-тегжей түсіндіріп берді.  

Сонымен қатар, мақсатымыз экономикамызды дамыту, экономикамыздың  құралын өзгерту.

Екінші мәселе демократия және парламентаризм. Одан бөлек, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық. Жемқорлық пен бюрократия. Жемқорлықтан бос орын қалмады бізде. 

Үшінші мәселе бұл әділетсіздік пен монополия. Экономикада ашық бәсекелестік жоқ. Монополия тек экономикада емес, тіпті тариф саясатында да орныққан. Бағдарламамыздағы басым бағыттың бірі салиқалы сыртқы саясат. Ешбір экономикалық, басқа болсын одақтар, еліміздің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтірмеуі керек, — деді Азат Тұрлыбекұлы.  

Кездесу барасында еңбек ұжымының өкілдері «Ақ жол» төрағасына өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды.

Жиналғандардың көпшілігін «Ақ жол» демпартиясының жемқорлықпен күрес, әсіресе, шетелге заңсыз шығарылған халыққа тиесілі қыруар қаржыны елге қайтару бағытындағы атқарып жатқан жұмыстары қызықтырды.

Жиналған қауым, сондай-ақ, жастарды әлеуметтік баспанамен, қолжетімді тұрғын үйлермен қамтудың бүгінгі таңда өте өзекті екенін тілге тиек етті. «Ақ жол» төрағасы бұл мәселені бұған дейін көтергендерін көпшіліктің есіне салды.

Ал, жалақы мөлшеріне, елдегі қымбатшылыққа қатысты сауалға жауап берген Азат Перуашев, ең алдымен отандық тауар өндірушілерді қолдау қажеттігін алға тартты.

— Отандық өнімді дамытпай, отандық тауар өндірушілерді қолдамай қамбатшылықпен күресу мүмкін емес. Ұлттық банк инфляциямен күресу үшін несие ставкаларын көтерумен ғана шектеліп отыр. Бұл тек импортқа тәуелділікті арттырып, баға тұрақсыздығын одан сайын арттырады. Сондықтан, жалақыны қанша көтергенмен, одан халықтың әл-ауқаты еселенбейді. Біз қымбатшылықтың, ақшаның құнсыздануының себеп-салдарымен күресуіміз керек, — деді А. Перуашев.

Сондай-ақ, кездеуге қатысушылардың бірі ауылшаруашылығын дамыту мәселесі өзін толғандыратынын айтып, сауал қойды.

— Біздің бағдарламамыздың «Нарықтық экономика және кәсіпкерлікті қолдау» атты бесінші бөлімінде бұл мәселеге де жіті тоқталғанбыз. Ауыл шаруашылығын қолжетімді қаржыландыру үшін Агробанк құрып, барлық ауылдық жерлерде филиалдарын ашу керек деп санаймыз, — деп жауап берді «Ақ жол» басшысы.

Еске сала кетейік, Ұлытау өңірінен, әйгілі Жошы хан кесенесіне зиярат етуден жұмысын бастаған «Ақ жол» демпартиясының сайлауалды үгіт-насихат тобы осыған дейін Қарағанды облысының, Теміртау қаласының еңбек ұжымдары және кәсіпкерлерімен, жергілікті ақсақалдармен кездесулер өткізді.

Тегтер: