«Азаттық радиосын» қолдаған журналист Асхат Ниязовқа іс қозғалды
«ProTenge» Telegram арнасының «Азаттық радиосын» қолдаған материалын бөліскені үшін журналист Асхат Ниязовқа іс қозғалды.
Қаңтар айында «ProTenge» Telegram арнасы «Азаттық радиосының» 36 журналисіне аккредитация бермегені туралы пост жариялаған.
Наурыз айында біздің жазбамыз Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұнамағаны белгілі болды. Олар әріптестерін қолдауға бағытталған пост «қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін тудырады...» деп есептеді. Министрліктің пікірінше, Азаттық журналистерін қолдаған пост зиян келтіріп, қауіп тудырған. Алайда, министрлік кімге зиян мен қауіп төнгені және шын мәнінде кім зардап шеккені туралы анық айтпайды, деп жазады «ProTenge» Telegram арнасы.
Артынша бұл жазбаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру болған. Құзырлы орган аталған мәселені мұқият зерттеп, постта қылмыстық құқық бұзушылық жоқ деген қорытындыға келді. Бірақ, қазір аталған іс әкімшілік сотқа жіберілген.
Алайда, соттың әкімшілік хаттамасын ProTenge мен ресурс иесі, журналист Жәмила Маричева емес, сол жазбаны бөліскен Асхат Ниязов толтырған.
Құқық қорғау органдары бастапқы дереккөзге – яғни бізге келіп, сұрақтарды тікелей ProTenge-ге қоюдың орнына, министрлікке ұнамаған басылымды репост жасаған журналисті нысанаға алды. Біз Ақпарат министрлігінің бағасымен келіспейміз! Сонымен қатар, олар әріптесіміз Асхат Ниязовты жауапқа тартуға тырысып жатыр.
Біз Аида Балаева басқаратын министрліктің әрекетіне қарсы шығуды көздеп отырмыз. Асхатпен бірге үздік заңгерлермен, медиа-сарапшылармен хабарласып жұмыс істеп жатырмыз. Әрине, біз оқиғалардың қалай өрбитінін көпшілік алдында айтып отырамыз. Сондай-ақ, әріптесіміз Асхат Ниязовқа үлкен қолдау білдіріп, құрмет көрсетеміз, деп хабарлады басылым.
Айта кетейік, 2024 жылы 3 қаңтарында ҚР Сыртқы істер министрлігі Азаттық тілшілеріне аккредитация бермейтінін хабарлады. Редакция CІМ шешімімен келіспей, сотқа арызданды.
Фото: the-village-kz