«Азаттық» кімнің сойылын соғып жүр?
Құданыңқұдіреті, Ақназар Әбдіғаппарұлы деген кім екені белгісіз бір жас бала менің«Жас Алаш» газетінде жарияланған «Дүрліккен дүние және бейғам Қазақстан» дегенмақаламды газеттің өзінен емес, сайтынаноқып алып, ондағы келтірілген фактілердіжоққа шығарып, «Билл Гейтске жабылған жала» деген пікір айтыпты.
Ара-арасындакекету де бар. Мені фейсбуктегі жазбасында «әлемдегі ең қараңғы жазушы» депатап, «мұндай жазушыны Қызыл кітапқа енгізіп, оның дені сау ма, жоқ па, оныанықтау керек» деп, сырттай диагноз жасап та үлгеріпті. Соған қарағанда бұлжігіттің қазақ әдебиетінен мүлде мақұрым екені айтпаса да түсінікті. АйналайынАқназар балам, «әлемдегі ең қараңғыжазушы» деп, сен анықтама беріп отырған менің шығармаларым бұл күнде күлліәлемге танымал болып отыр. Сен айтқан «қараңғы жазушының» пьесалары Лондонда(екі пьеса), Түркияда, Софияда, Санкт-Петербургте (үш пьеса), Омбыда, Кореяда, Душанбеде (академиялықорыс драма театры), Башқұртстанда (2), басқа да бұрынғы одақтасреспубликалардың сахнасында жүріп жатыр. Бұл тізімде Әуезов театры менЛермонтов театры, Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық жастар театры, кәріс, ұйғыр театрлары бар.2016 жылы сен айтқан «ең қараңғы» жазушының «Исабеков әлемі» деген атпен Алматықаласында халықаралық театр фестивалі өтті. Оған алты шетел театры, алтықазақстандық әйгілі театр қатысты. 2014 жылы Лондонның «Арзу артс» театрытұңғыш рет қазақ авторының пьесасын сахналады, сол жылы Лондондағы халықаралықАйтматов академиясының бастамасымен «Гауһартас» және басқа новеллалар» дегенатпен жеке кітабым жарық көрді. 2014 жылы тағы сол Лондонда «Біз соғысты көргенжоқпыз» деген повесім жеке кітап болып жарыққа щықты. Ал 2017 жылы Лондонқаласында «Аққу-Жібек» пьесамның премьерасы өтті. Сол жылдың 2 қазанында «Аққуларәні» деген атпен шыққан таңдамалы пьесалар жинағының тұсаукесері Лордтарпалатасында өтіп, Лордтар сөз сөйлеп,менің шығармашылық жолым жайлы баяндама жасады. Былтыр Швециядан «Сіздіңшығармаларыңызды жақсы оқимыз. Келесі кітабыңыз Альфред Нобельдің елінде шығуы тиіс» деген хат алдым. Қазірондай кітап баспаға әзірленуде.
Мұның бәрінайтпас едім, «қараңғы жазушы» болған соң, айтуыма тура келді. Қараңғы емес,көзі ашық сен сияқты оң-солын енді танып келе жатқан балаларға, амал жоқ,айтуыңа тура келеді екен. «Өз елінде пайғамбар тумайды» деген орыс мақалы расекен. Оның үстіне қазақ болсаң. Төңірегіне асыл мен жақұтты ажырата алмайтын тоғышарлар қаптап кеткен кезде Пушкинде қатты опынып: «Черт догадался, что с таким умом и талантом родиться мне вРоссии» деп күйіне жазып еді. Ол – Россия, ол – Пушкин, ал біз байғұсқа нежорық?! Осындай «көзі ашық» балалармен қатар өмір сүруімізге тура келеді.Өкінішті.
Сен өзжазбаларыңда «Азаттық» радиосының меніңмақаламның кейбір тұстарына берген бағасына сүйеніпсің. Мен білетін «Азаттық»радиосы елдің, ұлттың мүддесін ойлап, қазағының бүгіні мен ертеңіне алаңдап,елімізде билік тарапынан орын алған кейбір кереғар жайттарды сынға алып, Астанамен Алматы қалаларында ауық-ауық өтіп жататын митингілерден тікелей репортажжүргізіп, шындық көріністі шынайы қалпында көрсетулері арқылы көптің көңілінен шығып жүруші еді. Сол«Азаттық» радиосы кенеттен миллиардер Билл Гейтсті қызғыштай қорғап, оны сүттенақ, судан таза етіп көрсетуге барын салыпты. Айналайындар-ау, оны не үшінқорғап отырсыңдар? Әлде біреулердің тапсырмасы солай болды ма? Мен ол мақаламдабірде-бір фактіні ойдан шығарған жоқпын,бәрі де Ресейдің миллиондаған таралымы бар «Комсомольская правда» газетіненалынды (10-17 маусым, 2020 ж). «Әлі күнге шейін Ресейдің газеттерін оқиды екен»деп, Ақназар балам мені «ескіліктің адамы» дегендей бір түйреп өтіпті. Иә, мен«ескіліктің адамымын», мен сендер сияқты бүгін бар, ертең жоқ фейсбуктіңоқырманы емеспін, мен қағазға басылған сөзге ғана сенемін. Қағазға басылған сөзжүздеген, мыңдаған жылға жетеді, ал интернет жүйесіндегі сөзді бірнеше күнненсоң таппай қаласың. «Азаттық» радиосы мен Ақназар баламның сөзіне қарағанда,мен ғана емес, Билл Гейтсті сынға алған Америка президенті Д.Трамп та, оныңтелеканалының жүргізушісі Лора Ингрэм де, Италия парламентінің депутаты СараКуниям да, Австралияның Мельбурн қаласында «Билл Гейтсті тұтқындау керек» дегенұранмен өткен демократтар да, вакцина мәселесіне екі хабар арнаған атақтыкинорежиссер Никита Михалков та, қала берді, дүниенің төрт бұрышына тарайтын«Комсомольская правда» газетінің бес редакторы да бүкіл редколлегиясымен қосып,«қараңғылар» боп шығады екен де, тек Ақназар баламның ғана көзі ашық екен. Оны«Азаттық» радиосы қолдайтын боп шықты. «Комсомольская правда» газетінде де есжоқ екен, дүниені дүрліктірген осындай шулы мақаланы жарияламай тұрып, ең әуелібіздің Ақназар баламен, онан соң «Азаттық» радиосымен ақылдасып алулары керекеді.
«Азаттық»радиосы мен Ақназар балама айтарым, мен айтқан газетті тауып алып, ондағыайқара бетке жарияланған мақаланы оқып шығып, олардың жазғандарының бәрі жалғанекенін дәлелдеп, «Комсомольская правда» газетінің сайтына шығып, орыс тіліндемақала жариялаңдар. Бәлкім, олар екеуіңнен кешірім сұрап, бұдан былай ондаймақалаларды сендердің келісіміңдерсіз жарияламауға уәде берер. Олар сондай уәдеберсе, мен де сендердің келісіміңдерсіз мақала жазбауға уәде берейін. Бірақсендердің келісімдеріңді алуға уақыт болмаған соң, осыдан бір сағатбұрын «Қазақстан» телеарнасының сұрауы бойынша президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың13 шілдені «Аза тұту күні» деп жариялауына байланысты пікірімді білдіріп қойыпедім, кешірерсіңдер!
Мен жазсам,ұлттың ертеңгі болашағын ойлап жазып едім. Қалт-құлт етіп 12 миллионға ендіжеткенімізде, жас қыздар мен жас балаларға вакцина егуден қатты шошынғаным рас,ол қаупім әлі тараған жоқ. Өйткені ондай вакцинаны еккен елдердегі жасқыздардың біразы қайтыс болып, біразының ауруға шалдыққанын әлгі газет анықтаптұрып жазып жатқанда, қалай болған күнде де, Ақназар баламның ақыл айтқанындай,қалай «тамағымды ішіп-жеп» тыныш отыра бермекпін? Сендер шырылдап қорғапотырған Билл Гейтстің мына сөзінен кейін қалай бейғам отыруға болады? 2012 жылыАмерикада миллиондаған оқырманы бар ТЕD конференциясында сөйлеген сөзін әлемжұртшылығы әлі ұмытқан жоқ. Онда ол былай деп еді: «Ең үлкен проблема –демография. Қазір әлемде 6,8 млрд адам өмір сүріп жатыр. Көп ұзамай адам саны 9миллиардқа жетпек. Егер біз репродуктивті денсаулық сақтау бойынша үлкен десаналы жұмыс жүргізіп, денсаулық сақтау жүйесіне өзгерістер енгізіп, жаңавакцинаны көптеп шығаратын болсақ, онда халық санын 10 пайызға кемітуге болады.Сөйтіп, халықтың санын 200-300 миллионға азайтуға мүмкіндік туады».
Осыдан кейінде ештеңе ойламай, бейғам отыра беру керек пе? Мен бейғам отыра алмаймын, өйткені мен «әлемдегіең қараңғы жазушымын», сендер сияқты әлемдегі ең көзі ашық адам емеспін.Американың ең атақты кинорежиссері СтэнлиКубриктің «Широко закрытыми глазами» деген фильмі бар еді, сол сияқты сендер деөмірде болып жатқан, бар әлемді дүрліктіріп жатқан фактілерге «көздеріңді кеңжұмып» қарайды екенсіңдер, сонан соң да сендерде уайым аз немесе жоқ. Ал менбайғұс ертең Қазақстанның аспанынан бірсағат бойы алтын жауып тұрса да уайым қыламын: «Мұның артында не бар екен?»деп. «Алақай, қазақтың аспанынан алтын жауды» деп, «көзі ашық» сендер сияқтықуана алмаймын. Әлемге кең жұмылған көзбен қарайтындарыңның белгісі сол – қазақжазушысының пьесасы тұңғыш рет Санкт-Петербургте қойылғанда, тұңғыш рет ағылшынастанасы Лондонда қойылғанда, тұңғыш рет қазақ жазушысы Лордтар палатасында сөзсөйлегенде селт етпеп едіңдер, бір мақалаға аш кенедей қадалып, жер бетіндегіхалық санын азайтуды мақсат етіп отырған Билл Гейтске шыр-пыр қағып, ара түсіпотырғандарыңа таңым бар.
Қорғаңдар БиллГейтсті, ол сендердің қорғауларыңа өте мұқтаж боп жүрген көрінеді. Оны қорғауарқылы жер бетіндегі адамдардың санын, оған қоса, қазақ халқының санын азайтатүсуге үлес қоса беріңдер. Бәлкім, олардан бір «пайда» көріп қаларсыңдар.
Солай болатұрса да, «Азаттық» радиосы бұдан былай әлдекімдердің айдауымен жүрмей (олардың кім екенін шамалап біліп отырмын), ұлтмүддесін қорғаудан таймайтынына сенемін. Ал Ақназар балама айтарым – өміржолыңды қолшоқпарлықтан бастама, әйтпесе ол сенің сүйегіңе өшпестей таңба боптүседі. Сендердің бар-жоқтарыңды білмейтін, әлемдегі ең бай Билл Гейтстің«қорғаушысы» болғаннан гөрі өз елдеріңнің қамқоршысы болыңдар. Сендер сынапжатқан менің мақаламды 50 мыңнан астам адам оқып, әлі де оқып жатқандарыестеріңде болсын! Ал менің оқырмандарым, сіздер бұған не дейсіздер?
Мұндаймақаланы жазуға дем берушілерге айтарым – «Азаттық» радиосын әділ жолдан тайдырмаңдар, қолшоқпарғып, ешкімге белгісіз жас баланы пайдаланбаңдар, оның ертеңгі болашағынбүгіннен бастап лайламаңдар.
Жарасбай менБақтығұлдың күйін кешуден аулақ болыңдар!
Дулат ИСАБЕКОВ