Азаттық радиосы "Пандемия: Кімді жоғалттық?" жобасын жариялады

21.07.2020, 00:57

4

Азаттық радиосы Қазақстанда коронавирус індеті басталғалы COVID-19 және пневмониядан қайтыс болған марқұмдарды есте қалдыру мақсатында «Пандемия: Кімді жоғалттық» атты жобасын жариялады.

Азаттықтың базасында қазір 150-ге жуық марқұм бар. Тізім марқұмдардың туыстары жіберген ақпарат негізінде жасалды. Бұдан бөлек, індеттен көз жұмған дәрігерлер, қоғамға белгілі адамдар, мемлекеттік қызметкерлер де тізімге енді.

Азаттық бұған дейін Қазақстандағы алты тәуелсіз медиамен (Vlast.kz, The Village, Медиазона, Factcheck.kz, «За нами уже выехали», «Тіл кеспек жоқ») коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың дерегі жарияланатын umytpa.kz жобасына қосылған.

Індеттен көз жұмған жақыныңыз я танысыңыз болса, төмендегі форманы толтырып, фотосы және қайтыс болғаны туралы құжатын біздің поштамызға я WhatsApp нөмерімізге жолдаңыз. Марқұмдар жұрт есінде мәңгі қалуы тиіс.

Марқұм болған жақыныңыздың аты-жөні:

Жасы:

Диагнозы:

Атқарған қызметі:

Некролог:

WhatsApp:+7 771 104 3505
Электрондыпошта: radioazattyk@gmail.com

Қазақстанда коронавирус індеті басталғалы денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, 585 адам коронавирустан қайтыс болды. Ведомство коронавирус жұқтырған жүзден астам марқұмды "өліміне басқа дерт себеп болды" деп ресми статистикаға қоспай отыр. Елде жыл басынан бері 3300 аса адам (оның 1555-і 1-15 шілдеде қайтқан) пневмониядан көз жұмды. Сарапшылар Қазақстан билігінің коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар жайлы статистикасына күмән келтіреді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13