Азаттық тілшісінің Арал жайлы фильмі журналистер одағының жүлдесін алды

21.06.2019, 05:00

3

Азаттық радиосының тілшісі Асылхан Мамашұлының «Қария мен теңіз» фильмі Қазақстан журналистер одағының жүлдесіне ие болды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

ҚазТАГ-тың жазуынша, Асылхан Мамашұлына «Саяси шолу» номинациясы бойынша жүлде «Арал теңізінің қалыпқа келеріне сенетін авторлық позициясы үшін» берілген.

Қарай отырыңыз: «Қария мен теңіз» фильмі

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title="Қария мен теңіз" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Қария мен теңіз please wait <video poster=«gdb.rferl.org/283c9701-e2d7-49db-abc1-c2fd305d8e45_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2019/02/2/28/283c9701-e2d7-49db-abc1-c2fd305d8e45,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/2/28/283c9701-e2d7-49db-abc1-c2fd305d8e45.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/2/28/283c9701-e2d7-49db-abc1-c2fd305d8e45_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/2/28/283c9701-e2d7-49db-abc1-c2fd305d8e45_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/2/28/283c9701-e2d7-49db-abc1-c2fd305d8e45_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/2/28/283c9701-e2d7-49db-abc1-c2fd305d8e45_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/2/28/283c9701-e2d7-49db-abc1-c2fd305d8e45.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/2/28/283c9701-e2d7-49db-abc1-c2fd305d8e45.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/2/28/283c9701-e2d7-49db-abc1-c2fd305d8e45_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/2/28/283c9701-e2d7-49db-abc1-c2fd305d8e45_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«720p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/2/28/283c9701-e2d7-49db-abc1-c2fd305d8e45_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/2/28/283c9701-e2d7-49db-abc1-c2fd305d8e45_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=29745767&SiteId=5&r=1909837687&it=0&pd=20190201125200» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title="Қария мен теңіз"> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Қария мен теңіз
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/29745767.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:24:06 0:00

Одақ жүлдесі 10 журналиске берілген. «Тілші қызметі» номинациясы бойынша жүлде — Informburo.kz журналисі Евгения Бодроваға, «Экономикалық шолу» номинациясы — «Егемен Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысы бойынша тілшісі Гүлайым Шынтемірқызына, «Ізденіс материалы» жүлдесі – «Ақ Жайық» тілшісі Фархат Әбіловке, «Телевизиялық жұмыс» номинациясы – «Алау» телеарнасының журналисі Татьяна Морозға, «Журналистік зерттеу» жүлдесі «Спутник-Қазақстан» тілшісі Александр Мирогловға берілген.

Бұдан бөлек, «Зерттеу еңбегі» жүлдесін — «Қазақ үні» газеті бас редакторының орынбасары Зейнолла Абажан, «Ғылыми-танымдық еңбек» номинациясын — «Курсив» тілшісі Ирина Осипова, «Фотоеңбек» сыйлығын – «Қостанай жаңалықтары» газетінің фототілшісі Константин Вишниченко, «Интернет-жоба» жүлдесін Vlast.kz интернет-журналының бас директоры Вячеслав Абрамов алған.

Журналистер одағы мен «Ақ Жайық» газетінің Әбділдә Мұқашев атындағы бірлескен жүлдесі «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедияровке берілген. Қазақстан қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің фототілшісі Думан Құрманғалиев фототілші Рахымбай Ханәлі атындағы арнаулы сыйлықты алған.

Журналистерді марапаттау рәсімі 26 маусым күні 11.00-де «Еуразия» сауда орталығының баспасөз залында өтеді.

Азаттық тілшілері бұған дейін де Қазақстан журналистер одағының сыйлығын алған. 2016 жылы Қасым Аманжолға сыйлық Қазақстандағы жер реформасына қатысты өзекті сұхбаттары үшін «Саяси шолу» номинациясы бойынша, Вячеслав Половинкоға «Новая газета — Казахстан» басылымындағы Ақтөбедегі антитеррорлық операцияларға қатысты материалдары үшін «Журналистік зерттеу» номинациясы бойынша берілген.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04