Әзербайжан 65-тен асқан тұтқындарды түрмеден босатады

07.04.2020, 16:49

8

Әзербайжан коронавирустың таралуын тежеу үшін 65-тен асқан тұтқындарға рақымшылық жасайтынын мәлімдеді. Президент Ильхам Әлиев 6 сәуірде қол қойған жарлыққа сәйкес, алдағы күндері 176 тұтқын (бір Ресей азаматын қосқанда) бостандыққа шығады. Олардың арасында ұлттық қауіпсіздік министрлігінің бұрынғы өкілі 67 жастағы генерал Акиф Ковдаров та бар.

Министрліктің энергетика және көлік қауіпсіздігі баcқармасын басқарған бұрынғы шенеунік 2015 жылы қамалып, 2017 жылы 12 жылға сотталған болатын. Оған «билік өкілетін асыра пайдалану», «парақорлық» және өзге баптар бойынша айып тағылды.

6 сәуірде Әлиев карантин уақытын кемінде 20 сәуірге дейін ұзартты.

Соңғы мәлімет бойынша, Әзербайжанда 641 адамнан коронавирус табылған. 7 адам қайтыс болған. 44 адам жазылған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27