Әзербайжан Армения АЭС-іне зымыранмен соққы жасай алатынын айтып сес көрсетті

18.07.2020, 00:48

4

Әзербайжан қорғаныс министрлігі әскери зымыранын Армения атом электр станциясына бағыттай алатынын айтып, сес көрсетті. Бұл туралы бейсенбі, 16 шілде күні АЗЕРТАДЖ хабарлады. Мұндай мүмкіндіктің барын Әзербайжан қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің басшысы полковник Вагиф Даргяхлы меңзеген.

«Арменя тарапы біздің әскеріміз қаруланған жаңа ракета жүйесі зымыранды Мецамор АЭС-іне жоғары дәлдікпен тигізе алатынын ұмытпауы тиіс» деп полковниктің сөзін келтірді агенттік.

Даргяхлы мұны Арменияның Азербайжандағы Мингечевир су қоймасының бөгетіне соққы жасауы мүмкін екені жөніндегі хабарламаларға жауап ретінде айтты.

Армения АЭС-сі 1976 жылы іске қосылған. Станция елдегі электр энергиясының үштен бір бөлігін өндіреді. Алайда ол жөндеу жұмыстары үшін 1 шілдеден бастап 3 қыркүйекке дейін тоқтап тұр.

Әзербайжан мен Армения 12 шілдеден бері әскери қақтығыс жағдайында. Баку 11 әскери, соның ішінде генерал-майор Полад Хашимовтің қаза болғанын хабарлады. Армения төрт адам қаза болып, ондаған адам жараланғанын айтты. Қақтығыс екі ел арасындағы әскери жанжал жиі болатын Таулы Қарабақтан алыста өтіп жатыр.

Бірнеше ел мен халықаралық ұйымдар жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Армения мен Әзербайжанды диалогқа шақырды.

1988-94 жылдары Әзербайжанның Таулы Қарабақ ауданында соғыс болып, 30 мыңға жуық адам қаза тауып, жүздеген мың жұрт босып кеткен.

Армяндар көп тұратын Таулы Қарабақ соғыстан кейін, 1988 жылы Әзербайжаннан бөлініп, де-факто тәуелсіз өмір сүріп жатыр. Бірақ оның тәуелсіздігін әлі бірде-бір ел мойындамаған. Өзін «Таулы Қарабақ республикасы» деп атайтын бұл ауданды жергілікті армяндар қорғап тұр делінеді. Ал Әзербайжан бұл аймақ Армения әскерінің қорғауында деп санайды. Қарабақта әскери қақтығыс ара-тұра болып тұрады. Жағдайды бейбіт жолмен реттеу үшін құрылған ЕҚЫҰ-ның Минск келісіміне Ресей, АҚШ және Франция мүше.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Армения мен Әзербайжан шекарасында не болып жатыр? 300 сөзбен түсіндіреміз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39