Әзербайжанда оппозициялық саясаткер мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп қамауға алынды.

26.07.2020, 02:59

29

Әзербайжанда «Халықтық майдан» партиясы жетекшілерінің бірі Фуад Гахраманлы 14 шілдедегі шеруге байланысты қамауға алынып, оның үстінен тергеу жүріп жатыр. Он бір күні бұрын, 14 шілдеде Армениямен әскери қақтығысқа байланысты ел әскерін қолдау жөнінде шеру өткен. Шерудің соңына қарай бір топ адам Бакудегі парламент ғимаратына басып кірген. Көп ұзамай оларды полиция шығарып тастаған.

Осы оқиғаға байланысты ел прокуратурасы кең ауқымды қылмыстық тергеу бастады. Күдікке бір топ адам ілінген.

Сыншылар қылмыстық тергеуді Әзербайжан билігінің саяси қарсылықты жоюға арналған әрекеттерінің біріне теңеп отыр.

Гахраманлының «Халықтық майдан» партиясынан барлығы отызға жуық белсенді қамалған не әкімшілік жазаға тартылған.

Азаттық радиосының Әзербайжан қызметі 24 шілде күні Баку сотының Гахраманлыны тергеуге дейінгі қамауға алу туралы үкім шығарғанын хабарлады.

Саясаткерге мынадай айыптар тағылып отыр: мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылу, мүлікке зақым келтіру, қоғамдық тәртіпті бұзу, үкіметке қарсы күш қолдану және үкіметке күшпен басып алу.

Әзербайжандағы өзге оппозициялық саясаткерлер бұл айыптар арқылы билік «Халықтық майдан» партиясы мүшелері мен жетекшісі Али Керимлидің ізіне түспек дейді.

Керимлидің өзі Азаттыққа 14 шілдедегі шеруге қатыспағанын айтады. Оның сөзінше, Әзербайжан билігі «саяси репрессияға» жол беріп отыр.

«Президент Ильхам Алиев „Халық майданы“ партиясын жау деп жарияланда қауіпсіздік қызметтері мұны бұйрық деп ұқты» дейді Керимли.

Гахраманлы осыған дейін екі рет қамалған. Халықаралық Human Rights Watch ұйымы саясаткердің қамалуының астарында саяси мақсат бар деп мәлімдеген болатын.

Саясаткер 2015 жылы 10 жылға сотталып, былтыр наурызда президенттің рақымшылығына ілініп, бостандыққа шыққан.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04