Әзербайжан Газа секторына әскер жіберуге келісті
Әзербайжан соғыстан кейін Газа секторында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған Халықаралық тұрақтандыру күштерінің құрамына өз әскерін жіберуге келісім берді.
Қазіргі уақытта Индонезия — осы миссияға ресми түрде қатысатынын жариялаған жалғыз мемлекет. Ол БҰҰ мандаты аясында 20 мың сарбазын жіберуді жоспарлап отыр.
АҚШ өз кезегінде басқа елдермен де келіссөздер жүргізіп, бейресми түрде Әзербайжаннан да осындай келісім алғаны туралы ақпарат тарады.
Әзербайжанның АҚШ-тағы және Израильдегі елшіліктері бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартқан.
Сондай-ақ өткен айда БҰҰ Бас Ассамблеясының кулуарларында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ Президенті Дональд Трампқа Анкараның да Газаға әскер жіберуге дайын екенін айтқан.
Алайда Израильдің түрік әскери күштерін аймаққа кіргізуге келісетіні әзірге белгісіз. Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім екі ел арасындағы соғыс басталғаннан кейін нашарлаған қатынастарға байланысты қиындық тудыруы мүмкін.