Әзербайжан Ресей азаматтарының елде болу ережесін күшейтті

Енді ресейліктер Әзербайжанда бір жылда 90 күннен артық тұра алмайды. Бұған дейін Ресей де шетелдіктер үшін осындай ереже енгізген болатын.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әзербайжан үкіметі Ресей азаматтарының Әзербайжан Республикасының аумағында уақытша болу шарттарына өзгерістер енгізді. Бұл туралы Interfax хабарлады.
Шешімге сәйкес, Ресей Федерациясының азаматтары мен Ресей Федерациясында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдары бір жыл ішінде Әзербайжан Республикасында визасыз негізде 90 күннен артық бола алмайды. Үкімет басшысы Әли Асадов осындай шешімге қол қойды.
2024 жылдың тамыз айында Ресей де шетелдік азаматтарға қатысты осындай шаралар қабылданған болатын.
Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, жаңа ережелер Ресейдің дәл осындай контексттегі шешіміне жауап ретінде қабылданған.