Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:14, 07 Желтоқсан 2023

Әзірбайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтпекші

сайлау
Фото: из открытых источников

Әзірбайжан заңнамасына сәйкес, республика президенті 7 жыл мерзімге сайланады.

Әзірбайжанда кезектен тыс президент сайлауы келесі жылдың 7 ақпанында өтеді. Тиісті жарлыққа Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев қол қойды, деп жазады Zhasalash.kz.

«Әзірбайжан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының күні 2024 жылдың 7 ақпанына белгіленсін», - делінген мемлекет басшысының сайтында жарияланған құжатта.

Келесі президенттік сайлау 2025 жылдың қазан айында өтуі керек еді. Әзірбайжан заңнамасына сәйкес, республика президенті 7 жыл мерзімге сайланады. Әзірбайжанда соңғы президент сайлауы 2018 жылдың сәуір айында өтті.

Әзірбайжан Конституциясында президенттік сайлауға қатысуға ешқандай шектеулер жоқ, сондықтан елді 2003 жылдан бері 20 жыл басқарып келе жатқан Әлиев республика басшысы лауазымына қайтадан үміткер бола алады. 2023 жылы Әлиевтің президенттігі кезінде Әзірбайжан Қарабақты қайтару арқылы аумақтық тұтастығын қалпына келтірді.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Федерация Кеңесі президенттік сайлауды келесі жылдың 17 наурызына тағайындады, деп жазады Telegram «Radiotochka NSN» арнасы.