Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:51, 12 Қыркүйек 2024

Ажырасу факторының қоғамда көбеюі мемлекет пен қоғамның дамуына қалай әсер етеді?

отбасы
Фото: из открытых источников

Заман дамып, өзгерген сайын адамдардың, жалпы қоғамның көзқарасы мен құндылықтарға деген қарым-қатынасы өзгерері анық.

 Сәйкесінше отбасылық құндылықтар да құлдырап, ескінің орнын жаңа алмастырып жатыр. Бұл қоғамдағы отбасылық өмір мен ерлі-зайыптылардың ара-қатынасына да өз әсерін тигізіп жатыр. Танымал америкалық әлеуметтанушы Констанция Аронс әлемде әрбір 13 секунд сайын бір отбасы ажырасатынын есептеп, дәлелдеген. Бір АҚШ-тың өзінде жыл сайын 1 миллион отбасы ажырасады екен. Ажырасу — әлеуметтік проблемаға айналып, тіпті біз сүріп жатқан дәуірде қалыпты жағдай ретінде қабылдана бастағаны өтірік емес. Кез-келген проблеманың ушығуы, шиеленісуі-қоғамда оған деген қалыпты көзқарастың тууына әкелетіні сияқты ажырасу да осындай деңгейге жетті. Тіпті статистикалық мәліметтерге сүйенсек соңғы 10 жылда елімізде жарты миллионнан астам отбасының шаңырағы шайқалып, екі жаққа кетуге шешім қабылдаған екен. Осы жайында біз бүгін әлеуметтанушы Жұлдыз Сембинамен сұхбат құрдық.

- Соңғы 10 жылда жарты миллион отбасы ажырасып кетті деген пікірді құлағымыз шалып қалады. Бұл пікір қаншалықты рас? Не үшін қазіргі таңда ажырасу, некенің бұзылуы сынды факторлар бұрынғыға қарағанда көбейіп кетті?

Өкінішке орай бұл ақпарат расталғалы бірталай уақыт өтті. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметтеріне сүйенсек, 2012-2022 жылдар аралығында еліміздегі ажырасулар саны 567 931 құрап отыр. Менің ойымша, қоғамда негізгі бірнеше факторлар бар: қаржылық тұрақсыздық, жас жұбайлардың отбасын құруға деген психологиялық (моральдық) дайындықтың болмауы.

- Осы тұста, ойыңызды тарқатып өтсеңіз. Бұрын ажырасу саны аз болды ма әлде біз жалған статистиканың құрбаны боп келдік пе?

Менің ойымша, қоғамда негізгі бірнеше факторлар бар: қаржылық жағынан тұрақсыздық, жас жұбайлардың отбасы құруға деген психологиялық (моральдық) дайындықтың болмауы. Тағы бір қазіргі уақыттағы аса маңызды факторлардың бірі отбасы мүшелерінің арасында белең алған лудомания мәселесі. Біз сүріп жатқан дәуірде дәл осы фактор салдарынан ажырасулар саны үдеп, отбасылардың ойрандалып жатқанын байқап отырмыз. Бұл фактормен мемлекеттік деңгейде күрес жүргізу керек. Лудомания, ойынға шектен тыс құмар болу фактісімен тіркелген азаматтарға ешқандай несие де берілмегені жөн. Осы жағдай мемлекеттік тұрғыда реттелуі керек. Биыл елде жаңп Заң қабылданған еді, десек те бұл заң талабы бойынша ерлі-зайыптылардың келісімі тек несие сомасы 1000 АЕК асқан жағдайда ғана қажет. Менің ойымша, бұл талап дұрыс емес, шын мәнінде бір ойынқұмардың аз ғана көлеммен әртүрлі жерден алған жүз түрлі несиесі болады. Олардың басын құрағанда қомақты көлемдегі шығады. Сондықтан, отбасылық бюджет ортақ болғандықтан кез келген несие алар шағында екі жақты келісім алу керек деп ойлаймын. Ал бүгінгі қоғамда өзекті боп отырған тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған жағдайда жанұяны сақтап қалу әлдеқайда қиын дер едім. Себебі, бұл жерде агрессордың кесірінен отбасының барлық мүшесі, әсіресе балалар зардап шегеді, отбасы ойрандалады.

- Заман дамып, өзгерген сайын адамдардың, жалпы қоғамның көзқарасы мен құндылықтарға деген қарым-қатынасы өзгеруде. Әдетте, қанша жастағы ерлі-зайыптылар жиі ажырасады? Немесе қандай отбасылар ажырасуға бейім?

Заман дамыған сайын сөзсіз құндылықтар ауысып, ескінің орнын жаңа басады. Әрбір дәуірдің өз құндылығы болатыны анық. Бүгінгі ақпараттар ағыны дәуірінде өзін не жақынының сөзіне құлақ асатын адамдардан гөрі, өзін сарапшымын деп таныстыратын, коуч, нумеролог, әуесқой психологтардың сөзін тыңдайтындар басым. Өз өміріне қатысты барлық барлық шешімдерді басқа адамдардың ықпалымен қабылдап, жауапкерішілікті сезінбейді. Тағы да бір айта кететін фактор бар, менің ойымша оның үлесі соншалықты көп болмаса да, әлеуметтік желілердегі ажырасуды жарнамалап жүрген адамдардың ықпалы бар. Интернет пен әлеуметтік желілердің дамуы адамдарға жаңа таныстар табуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге жағдай жасайды. Бұл кейде отбасылық тұрақтылыққа теріс әсер етуі мүмкін. Ажырасу жасы деген нақты бір көрсеткіш жоқ деп ойлаймын. Себебі, қазіргі уақытта жас отбасылар да, ұзақ уақыт бірге болған отбасылар да ажырасып жатыр.

- Ажырасу факторының қоғамда көбеюі мемлекет пен қоғамның дамуына қалай әсер етеді?

Жоғарыда айтып кеткенімдей, лудоман, азартпен ауыратындардың жолын жабу үшін несиенің кез келген сомасын ерлі-зайыптылардың келісімімен ғана беру. Отбасын құруға өтініш қалдырған кезден бастап, бір ай уақыт бар, сол аралықта АХАТ бөлімдерінің жанында кәсіби шыңдалған психологтар жұмыс жасап, психологиялық дайындық курстарын ұйымдастырса деген ұсыныс бар.

Тегтер: