Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:17

Азия чемпионаты: тағы бір боксшымыз жартылай финалға шықты

Сабыржан Аққалықов
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

75 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда ол жапониялық Тайга Ягимен жұдырықтасты. Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) айқын жеңіске жетті.

Енді жартылай финалда Аққалықов моңғолиялық Далай Ганзоригпен кездеседі.

Осылайша, Сабыржан Аққалықов кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Айта кетейік, ол бұған дейін жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанып, Астанада өткен әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен. Сондай-ақ 2025 жылы Дубайда өткен IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының өкілі Айгерім Саттыбаева да Азия чемпионатының жартылай финалына шыққан болатын.

Сонымен қатар кеше жартылай финалға Ертуған Зейноллинов, Валентина Хальзова, Айбек Оралбай және Оразбек Асылқұлов жолдама алған еді.