Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:05, 25 Тамыз 2023

Азия ойындарына қатысатын қазақстандық боксшылар белгілі болды

None
None

Ханчжоуда өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын бокстан Қазақстан ерлер құрамасының құрамы белгілі болды.

Тізімді бокс федерациясының баспасөз қызметі жариялады. 

Мырзағали Айтжановтың бапкерлер штабы Қытай рингіне мықтының мықтысын алып шығады. Олардың кейбірі Ташкентте өткен әлем чемпионатында, кейбірі Астанада өткен Elorda Cup турнирінде жақсы өнер көрсетіп, көзге түскен спортшылар. 

51 келі: Сәкен Бибосынов

57 келі: Махмұд Сабырхан

63,5 келі: Ертуған Зейнуллинов.

71 келі: Асланбек Шымбергенов

80 келі: Нұрбек Оралбай

92 келі: Сағындық Тоғамбай

+ 92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев. 

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. 

Тегтер: