Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:37, 04 Қыркүйек 2019

Азия поэзиясы: Өте баяу, тасбақаның аяңымен мимырттап келеміз

Моңғол ақыны Г.Мэнд-Ооёо-ның Астанадаөтіп жатқан Азия қаламгерлерінің форумында жасаған баяндамасын оқырмандарназарына ұсынамыз.

Баяндама автордың рұқсатымен жарияланып отыр.

Құрлығы бір, тірлігі бір қаламдастар!

Моңғолиядағыжазушылар атынан Сіздерге дұғай сәлем жолдаймын.

Поэзия дегеніміз тілдік құбылыс бола тұра қандай да бір елдің қоршағанортасы, тарихи мәдениеті, дәстүрлі этнографиялық жағына негізделгеншығармашылық таланттық әлем; ғарыштан келетін қуат, сонда сақталатын руханисаналық ақпарат түренімен ұштасатын зау пайымдық ғаламат, ғажайып ғалам.

Дүние жүзіне есімі мәшһүр, дана, жиһангер ұлы суреткер, Азиятанушы НиколайКонстантинович Рерих бұдан 100 жуық жыл бұрын жазған «Азия жүрегі» аталатынғылыми-танымдық мақаласының әлқиссасында «Азияның жан тамыры тірі ме?» депсауал қойған еді. Ұлы ғұлама бұл сауалды өзіне ғана қоюмен шектелмей әзіргіАзия кіндігіндегі бізге арнаған өсиеті ме дерлік.

Ол, расында да Азия құрлығындағы күллі адамзатқа рухани азық боларлық санамен пайымның теңдессіз құндылығы бір мүйісте жасырын сақталып жатуы мүмкін депіз кесті. Рухани ілім эстетикалық сабақтастық батыс пен шығыста ерекшеетенелікпен шүйіркелесуі тиіс деп сенді. Өзара түсінушілік, береке бірлік, жалпыадамзаттықесентүгел өмір, жалпығаламдық бейбітшілікті пір тұту мағынасы бойынша «Шамбала»ұғымын күллі адамзаттық таңданысқа қарай біршама икемдесе керек. Менің бұлұғымдарды нақты айтуымның себебі — «Шамбала» сөзінің төркіні аумақтықорналасуға қатысты түсініктен тыс біздің қоңсылас ошарласуымыздың құпиясы һәмоның тәңіри саналық, ілімдік қорымыздың – қуатты ақпараттық кеңістігі. Бір сөзбенайтсақ поэзиялық шабытқа жақын, ақындарға ең етене игілік болуы да мүмкін.Дәуірдің рухани гүлзарына сыйланған сондай шайырлардың бірі -Моңғолдың говьдаласынан жарқ еткен ХІХ ғасырдың данагөй ағартушысы, буддист Данзанравжаа еді.Ол, тау мен тасқа қашалған ақпараттардың сырын ашумен бірге жоғарғы  рухты  тылсым бір күшпен тілдесуге ерекше қабілеттіжан болған. Жер мен көктің кеңістігінен тапқан оның орыны -  «Шамбала» деп әспеттеліп, алыс-жақыннанкелетін жиһанкездер жиналатын киелі ұйыққа айналды. Мен оны ақынға тән даналықтың қасиетті құпиясы, нәзира арқылыұлы абыздықтың биігіне жеткен таңғажайып үр дүниесі деп ойлаймын.

Сөзбен тәпсірлеп сездіретін рухани сана немесе поэзиялық сілкіністің күштітүрені тықсырып жеткен кезде өзіңнен кейінгі барлық уақыт арнасында ойтоқындарын өте көп уақыттар бойы өзіне сақтап мәңгі қалатындықтан мыңдағанжылдар бұрынғы өлең жырлармен біз бірге жасасып, өткендердің жүрегініңсоққанын  да тыңдап жүрміз.

Біздің долбарымыздан да алыс аулақта жазылған бағзы Ведалардың үнәуендері  тәңір текті рухани санадан,шуақты сүлдерлер арқылы өзге әлемнен түсірілген деген көзқарасты құптаймын.

Орыстың әйгілі ақыны М.Ю.Лермантов бірде: «Гомерден бұрын кім болды?» дептүрен көтерген деседі. Ұлы шығарма туар алғы шарт, басты тұғырнама қалайдаболуы хақ деген оймен Лермонтовтың сауалы туындаса керек. Солай, болған; Азиядабар ондай гәп.

Біздің эрамыздан бұрынғы екінші мың жылдықта пайда болған Ведалардың іліміяғни поэтикалық жыр дастандары соңыра «Махабхарата», «Раһамаяна» секілді ұлыэпостар арнасымен бізге жеткен.

Сондай-ақ, б.э.б. ХІІ-ІХ ғасырлар аралық нанхиадтардың халық жырларынжинақтаған Күңзінің (Конфуции) «Жырнамасы» — әлем халықтарының тұңғышантологиясы болуы да мүмкін.

Ұлы түземдік көне көшпелілердің ұзна әуен үні – бүгінгі Моңғолдың «ұзынаәуені» делінетін әуезді өлеңдері немесе Азияның кейбір елдеріндегі әсіресе көнеАлтай жұртының ерлік эпостары бағзы бұрынағы Гомердің заманында тіпті одан дабұрын болғаны анық.

Сонымен бірге Парсының  рубайлары, Қазақтыңхалықтық толғау жырлары, Моңғолдардың қос әуезі, әлемдік үш бәйіті, Жапонияның хайкуі,танкасы, орта Азияның ғазалы, Қытайдың цзы секілді поэзиялық көптеген әуездіқұбылыстарды тек Азия ғана адамзатқа ұсына алды.

Үнділердің Галидасаны, Қытайдың Ли Бай, Дү Фүін, Парсының Фердоуси, ОмарХайямын, Моңғолдың Цогт тәйжісі, Данзанравжаасы, Жапонияның Мацуо Башё,Такбоку, Тибеттің Цанянжамц, Түркменнің Мақтұмқұлы, Қазақтың Абай Құнанбайұлы,Үндістанның Рабиндант Тагүрі секілді көптеген ақын даналарды адамзаттың құдіреттібау бақшасына Азия ғана сыйлай алды. Демек, ХХ, ХІ ғасырдағы Азия поэзиясыныңықпалы және иеленетін орыны жөнінде де ойланатын уақыт жетті. Азия поэзиясыныңәлем әдебиетіндегі осы замандық орыны ең әуелі аударманың сапасы менбаспаханалардың бизнестік мүддесіне көбінесе байланысты болмақ. Өте баяу,тасбақаның аяңымен мимырттап келеміз.

Парсының данышпан ақыны Омар Хайямның  бастапқы аздаған рубайлары осыдан 160 жыл бұрынЛондонда ағылшын тіліне тұңғыш рет сәтті тәржімаланғанымен оқырманға жетужолында ұзақ уақытты қатты сарп еткені бар. Осыған қарағанда шалғай алыстағыұлттың тілі мен мәдениеті, саналық сарындағы поэзиясы басқаның назарынаілігуіне, тәржімалануына, аналитикалық сараптамалық жасалуына, оқулықтар менантолгияларға қамтылуына, сол арқылы өзгені мойындатуға дейінгі аралықтардакедергілерге ұшырап жүр. Азияның көптеген елдерінің ақындары осы жолмен кележатыр.

Бүгінгі технологиялық әсіре қарқынды өркен, өндірістену, қалалану,жаһандану қатарлы материалдық тұрмысқа тығыз ден беретін дамыстың құрылымынақарай көміле бастады. Адамзаттың төл табиғилығы, тілі мен мәдениеті, жүрекқалауының ең нәзік құндылықтары жойылып, тірі кісілер дижиталға айналып, поэзияқұнсызданатын күйде. Тіптен кейбір тілдер мүлдемге азып, жойылып, жоғалыпбарады. Сонымен бірге поэзияға әсіре батыстың да әсері күшейіп түрлі «измдер»тығырыққа тіреуде. Әйтеуір жаңа ізденістер жолындамыз. Осынау қилы сәттеАзиялықтар өз қолындағы бар мүмкіндігі бойынша әлемге бейтаныс поэзиясының ерекшеқұбылыстарын қалай ұлықтаудың жолдарын қарастыру керек секілді.

Поэзияға орныға бастаған кедергілер Азияның поэзиясына жаңа жағдаяттарды  ашуға игілігін береді. Бізді түбеселікті жаңа жігерліталпыныстар күтіп тұр. Өркеннің теңсіздігі, діни қасіреттер, көзқарасалуандылығына қарамастан Азиялық руханиятты біртұтас бітімдеуге қатысты күш-жігерСіз бен біздің поэзиямызда түгел баршылық. Ендеше Әлем әдебиеті деген ұлытүренге Азияның иеленетін орнын, салмағын дұрыстап бағытталуымызға жол ашық.

Адамзат өркениетінің поэзия теңізінен терген жауһары секілді — «Антология»мәдениетіне Азияның да айрықша ұсынар жаңалықтары енуі керек-ті. Әуелі Азияқұрлығы елдерінің ерекше ілтипатымен «Азия поэзия антологиясы» көп тілгетәржімаланып шығуына тілектеспін, әрі қолдаймын. Бұл прозаға да әдебиеттің өзгежанрларына да қатысты сөз. Біз қашанға дейін батыстың қабағына қарап, қолынателміреміз?

«Батыс деген – батыс, Шығыс деген – шығыс, бір – біріне еш қарамайтын тұс...»деп Р.Киплинг (Редьярд Киплинг) емеруін білдірген  уақытта тағы да сол баяғы Н.Рерих «Батыс пен Шығыстың арасындағы қорған құлатылсын» деген-ді.                     

Р. Киплингтің лепесін «өзара айырмашылық ерекшелігіне қарай сақтап қалу»деп жайма-шуақтап, Н.Рерихтің ойын «бөлініп жарылмай, әлем әдебиетінің ұлыарнасындағы әсіре батысшыл үстемдікті өзгерту мағынасында» түсінулеріңіздісұраймын. Азия әдебиетін қолдауға қатысты тиімді тәсілдер табу, айталық бірбелдеулік қор құру арқылы тәржіма және таңдаулы шығармаларды насихаттау – осықұрлықтағы Елдердің өкіметтерінің міндеті болмақ.

Қазақ Елінің халықаралық әдебиет қарым-қатынасын дамыту, қолдау жолындағыигілікті істеріне бек разымыз! Азияның мәдени, рухани, текті білікті таңғажайыпәлемін кемелдендіруші поэзиялық жаңа толқынды бастауға шақырамын. Сөзімніңәуелі бастабындағы «Азияның жан тамыры тірі ме?» деген Н.Рерихтің сауалына;

— Иә, солай, Азияның жүрегі соғып тұр! Азияны жаңғыртып ашудағы рухани жаңасапарымыз Азияның әдебиет әлеміне қарай шеру тартатын болады деймін!

Моңғол тілінен аударған Сұраған РАХМЕТҰЛЫ

Фото: sonin.mn

Тегтер: