Азия жазушыларының форумын өткізген елдің қаламгерлері неге кедей?

Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-ЖомартТоқаевтың назарына!
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Жуырда еліміздіңастанасында жүздеген жазушының басын қосқан «Азия жазушыларының тұңғыш форумы»деген тамаша жиын өтті. Халықаралық деңгейдегі ауқымды басқосудың біздіңмемлекетте өткеніне қуанамыз, әрине. Шет елдік қонақтарға бас қаланың көріктіжерлерін аралатып жүргенде форум қатысушысының бірі — жапон жазушысы зәулім,әсем ғимараттарға қарап тұрып менен «Мынандай қымбат үйлерде кімдер тұрады?»деп сұрады. — «Жазушылар тұра ма?» Мен бұлсұраққа дәл жауап таба алмай қысылдым.
Құрметті Президент! Сіз жазушының ұлысыз ғой. Кеңескезінде қаламгерлер қандай дәурен сүргенін көрдіңіз. Олардың қай мөлшердегонорар алып, шығармашылықпен айналысуына нендей жағдай жасалғанын білесіз. АлҚазақстанда қаламгер қауымның жағдайы қандай? Сіз осыған бір сәт назараударыңызшы.
Нақты мысалмен сөйлесек, балалар басылымдарының басын біріктіріпотырған «Жас өркен» ЖШС газет-журналдағы материалы үшін авторға көп дегенде 3-4мың теңге гонорар береді. «Ана тілі», «Үркер» сияқты газет-журналдар қарайтын «Қазақгазеттері» мекемесі 1,5-2 мың теңге төлейді. Ал Президенттің әрбір сәтінжариялайтын ата газет «Егемен Қазақстан» журналистерге 1,5 теңге, көлемді мақаланыңөзіне 3 мың теңге береді. Бұл басылымдардың гонорары (жалақысын айтпағанда) онжыл бұрын осындай еді, әлгі өзгермеді. Қаламгер адам бір материалды жазу үшінқанша уақыт ізденіп, көз майын тауысып, қанша энергиясын шығарады? Ал мақаласыүшін алған 1,5 теңгеге 1 келі кәмпит сатып ала алмайды. Бұны мен айтпасам дажұрт біледі. Жалпы гонорар мәселесін бірінші боп мен көтеріп отырған емеспін.Ақын-жазушылар баспа ісі, басылымдардағы гонорар мәселесіне байланысты бірнешерет жиын өткізді. Бірақ жағдай өзгерген жоқ.
Бүгінде Қазақстанда кітабына спонсор іздеп,әкім-қараларды жағалайтын жазушылар да көбейді. Іштен шыққан рухани дүниесінхалыққа жеткізу үшін қаламгерлер адамилықтың төменгі деңгейіне түсуге мәжбүр. Жапонжазушылары неге ұзақ жасайды, ал қазақ қаламгерлері неге ерте тозады? Сізденосы туралы ойлануды өтінемін.
Ал енді баспаларға келейік. Қазіргі Қазақстандағыбаспалардың қайсысы жеке меншік, қайсысы үкіметтік екенін айырып болмайсың.Кітаптың әр баспа табағына 10 мың теңге белгіленген деп естиміз. Бірақ кейбірбаспалар 7-9 мың теңгенің келісімшартына қол қойғызады. Қалған ақша қайдакетеді? Оны тексерген ешкім жоқ. Қазақ баспаларының арасында үкіметтіктапсырыспен жыл сайын тек өз басшысының ғана кітабын шығаратыны бар. Себебінсұрасаң, «үкімет бір дана кітапқа ғанарұқсат берді» дейді. Елге керек дүниесінің жарық көрген күніне жете алмай кеткенқаламгерлер ше? Әділдік қайда?
Құрметті Президент! Еліміздегі кітап шығару мен таратусаласына дамыған елдердің жүйесін енгізетін уақыт келген сияқты. Азияжазушыларының форумына қатысқан шет елдік әріптесіміз қазақ жазушысы 10 баспатабақ кітапқа 200 доллардан сәл асатынақша алатынын естігенде қатты таң қалды. Жапония ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінкүйреген экономикасын отыз жылда қалпына келтіріп қана қоймай, барлық саладаәлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналды. Ал Қазақстанда отыз жыл ішіндебаспа ісі мен авторлардың гонорармәселесі бір жүйеге келген жоқ. Қазір республикада баспалардың еңбек иесінқанауына кең жол ашылған. Үкіметтік тапсырыспен 2000 данамен шығатын кітаптардыда баспа өзі сатып, жоғарыдағы тиесілі мекемелермен бірге пайдасын көруде,авторға «10 мың теңгелік» гонорардан басқа ештеңе төленбейді. Шыққан кітаптанекі данасын сыйға алған автор еңбегінің жарыққа шыққанына «шүкір» деп кетебарады. Баспалардың гонорар жүйесі неге ашық емес?
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Жапонияда жазушыны бір кітабы бір жыл асырайды. Қазба байлығыжөнінен әлемдегі алдыңғы санаттағы мемлекет саналатын Қазақстанда қаламгерлереңбегінің елге жетуі үшін неге уайым жеу керек? Азия жазушыларының форумынақатысқан жапон қаламгері қазір көптеген қазақ жазушысы кітабын өз қаржысынашығарып, өзі сататынын естігенде таң қалды. Жапонияда қаламгер адам жазғандүниесінің жарыққа шығып, елге таралуы үшін қам жемейді. Ол бар уақытын текшығармашылық ізденіс пен жазуға арнайды.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Шет елде жүргенде«Елбасының арқасында іргелі мемлекет құрдық» деп мақтанатынның бірі менмін.Бүгін «Сол мемлекет кім үшін?» деген сұрақтың жауабын таппағандықтан сізге хатжолдап отырмын.
Хат иесі: Шарафат Жылқыбаева, Еуразия Жазушылар Одағының мүшесі