Азиядағы ең ірі ату кешені Шымкентте салынуда

14.08.2020, 15:42

7



Шымкент қаласында «SHOOTING PLAZA» әмбебап ату кешенініңқұрылысы бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде қалалық денешынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.
Кешен құрылысы аяқталғаннан кейін Шымкентте ату спорты түрлерінен халықаралықдеңгейдегі спорттық жарыстар өткізуге мүмкіндік болады.
«SHOOTING PLAZA» кешені бұрынғы Комсомол көліауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолына жақынжерде ату алаңы аумағында орналасқан. Жалпы ауданы 14 гектарды құрайды. Нысаносы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
«SHOOTING PLAZA» — жобасы толыққанды жаттығукезеңін ұйымдастыру және ату спорты түрлері бойынша әлемчемпионаттары секілді ірі спорттық іс-шараларды өткізу үшін барлық қажеттіинфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

Спорт кешеніАзия аймағындағы ең ірі ату кешені болатынын айта кету керек. Жобаның құрылысыату спортын одан әрі дамытуға үлесін қосады.
Ату спортының саңлақтары Токиодағы XXXIІ жазғыОлимпиада ойындарына алғашқы екі лицензияны жеңіп алды. Бүгінгі таңда ату спорттүрінен Қазақстан ұлттық құрама командасының негізгі құрамының 60% — ы шымкенттіктер.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43