Қ.Тілеуханның "Медаль" спектаклі Алматыда қойылады

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры 2025 жылдың 21-23 сәуір аралығында Алматы қаласына гастрольдік сапармен келіп, қала тұрғындары мен қонақтарына бірнеше көркем спектакль ұсынады.
Гастрольдік сапардың басты қойылымдарының бірі – Қанат Тілеуханның «Медаль» саундрамасы. Бұл спектакль Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 21 сәуір күні сағат 18.30-да көрсетіледі.
«Медаль» қойылымының режиссері – Фархат Молдағали. Қойылымның композиторы – Серікжан Айтқали, суретшісі – Алма Сырбаева, редакторы – Бақжанар Толқынбекқызы, режиссердің ассистенті – Рамазан Үсен, пластика бойынша маманы – Шырын Мустафина.
Қанат Тілеуханның «Медаль» әңгімесі өмірде жиі кездесетін, бірақ көп назарға іліге бермейтін мәселелерді қозғайды. Қойылым марапаттың құнсыздануы, уақытында бағаланбаған еңбектер және қоғам қайраткерлерінің өміріндегі шынайы бейнелерді көркем түрде ұсынады.
Аталмыш қойылым soundrama жанрында Талдықорған театрында тұңғыш рет режиссер Фархат Молдағалидің сахналануымен жарық көрді. Автор мен режиссердің ойы бір арнаға тоғысып, кең көлемді шығарма ерекше қолтаңбада көрермен назарына ұсынылмақ.
Қала тұрғындарын және қонақтарын театрдың қойылымдарын тамашалауға шақырамыз!
Қосымша ақпарат пен билеттерге тапсырып беру үшін 8 (777) 394 88 15 номерімен байланысуға немесе Ticketon.kz сайтынан алуға болады!