«Б» жоспарының ақыры

14.07.2020, 13:59

2

Дәріні Өзбекстаннан сатып алып жатырмыз

Осыдан екі ай бұрын біреу «өкпе қабынудерті өршіп, ауруханаларда орын болмай қалады, Өзбекстаннан дәрі сатып алуғамәжбүр боламыз, көршілес елдерден гуманитарлық көмек сұраймыз» десе, сірә, бұғанешкім сене қоймас еді. Қара халық өкіметтің қарап отырмағанына, Біртановтың «А»жоспарына оның шамасы жетпесе, «Б» жоспарына сенген. Алайда   президент Тоқаевтың өзі мойындағандай,індетке қарсы күреске дайын болмай шықтық. Бүгінде әлеуметтік желі қаралы хабарларға, көңіл айтуларға толып кетті. Елішін үрей билеп тұр. Белгісіз өкпе дерті әсіресе жасы елуден асқан азаматтарымыздыбаудай түсіруде.

Түркістан облысындапневмонияға шалдыққандардың саны 5,5 мыңға жуықтады. Өкінішке қарай, олардың46-сы қайтыс болды. Олардың ішінде бес дәрігер бар. Мұндай мәліметті облысбасшысы Өмірзақ Шөкеев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жарияетті.

– Жақындарынан айырылғаназаматтарға өзімнің атымнан, облыс жұртшылығы атынан жанұяларына, жақындарынақайғырып көңіл айтамын.  Жұмыс барысындақайтыс болған ақ халаттылардың отбасыларына тиісті жәрдемақы көрсетіледі. Қиын-қыстаукезеңде өзінің жанын аямай, науқастарға дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлереңбегі ерен.  Олардың отбасыларына тиістікөмек көрсету – бізге парыз, – деді Ө.Шөкеев.

Жалпы алғанда, облыста бүгінге дейінкоронавирус індетіне шалдыққан 2079 адам тіркелді. Қауіпті аурудыжұқтырғандардың «көшін» Түркістан қаласы бастап тұр. Облыс орталығында COVID-19дерті 602 адамнан анықталған. Көршілес жатқан Кентау қаласында да науқастардыңсаны көп (415 адам). Аталған дерттен сауығып шыққандар саны 795-ті құраса, 11 адам қайтысболған. Ауру жұқтырғандардың арасында ақ халаттыларда бар. Бүгінге дейін олардың саны 132-ге  жеткен.

Өмірзақ Шөкеев коронавирусқа қарсы дер кезіндеқабылданған тиісті шаралардың арқасында қазіргі таңда жағдай тұрақты екенінмәлім етті. Емдеу шаралары үшін инфекциялық стационарларда – 440, провизорлық стационарларда– 1891, карантиндік орталықтарда  980 төсек-орын ұйымдастырылған.

– Жалпы, ауруханаларда төсек-орын қоры жеткілікті.Дайындалған орындардың 41 пайызы қазіргі таңда бос тұр, – деген облыс басшысы COVID-19инфекциясын емдеу және алдын алу мақсатында қолданылатын дәрілік заттар менмедициналық бұйымдарды сатып алуға 43,9 миллион теңге  қаралғанын атап өтті.  Бірыңғай дистрибьютор  «СК-Фармация» ЖШС-мен 24,1 млн теңгегекелісімшарт түзіліп, тауарлар  жеткізілуде. Үкіметтің резерв қаражатыесебінен 541,3 млн теңге бөлінді. Бірыңғай дистрибьютормен  238,8 млн теңгеге келісімшарт түзілген. Алқалған 302,5 миллион теңгеге медициналық қызметкерлерлерге обаға қарсы бірреттіккостюм сатып алынбақ.  Бұдан бөлек,Түркістан облысының жергілікті бюджеті есебінен індетке қарсы күреске 300 млнтеңге бөлініп отыр. Облыста жалпы тәуліктік қуаттылығы 650 тестке дейінгіполимеразды тізбекті реакциясы әдісімен төрт зертхана жұмыс істеуде. Күніне 906тест жасалады.

– Халқы тығыз орналасқан біздің облыста артықпайда табуды көздеп, қолында бар дүниелердің бағасын аспандатқандар анықталып,жазаға тартылып жатыр, – деді облыс басшысы.  

Дәрі-дәрмек жетіспеушілігін жою мақсатында Өзбекстаннан500 миллион теңгеге індетке қарсы препараттар сатып алынды. Тиісті дәрілердәріханаларға жақын күндері жеткізіледі. Дәрілер шекті бағаны сақтай отырып,сатылатын болды. Облыс бойынша дәрілік заттардың бағаларына бақылау жүргізумақсатында арнайы мониторингтік топ құрылған. Бұл топ барлық дәріханалардытексеріп, құқық  бұзушылықтың алдын алубағытында жұмыс істеуде. Аталған топтар дәріханаларды тексеру барысында 12нысанға әкімшілік хаттама толтырған. Дәрі-дәрмектің бағасын жоғарылатқаны үшін бес хаттама толтырылып, кінәлілергеайыппұл салынған.   

Брифингте Өмірзақ Шөкеев пандемиядан сақтанудың,ауырып жатқан науқастардың санын азайтудың басты жолы сақтық шараларын күшейтуекеніне тоқталды. Қажеттілік болмаса, көпшілік орындарға бармау,  бетперде тағу,  әлеуметтік қашықтықты сақтау талаптарына  баса назар аудару қажет.  Қазір облыс бойынша аудан, қалаларда 187медициналық мобильді топ құрылған. Тәулік бойы жұмыс істейтін қызметкерлерді  аудан әкімдіктері көлікпен қамтамасыз етуде.Бұл топтар науқастарды  анықтап, ертерекем тағайындайды немесе ауруханаға жолдама береді.

Облыста карантин режимін бұзып, той, басқа даотбасылық жиындарды өткізген 1039 жағдай анықталған, оның 320-сына айыппұлсалынса, 96 азамат қамауға алынған.  Түркістаноблыстық полиция департаментінің таратқан мәліметтеріне қарағанда,  тәртіп сақшылары дәрі-дәрмек пен медициналыққұрылғыларды  заңсыз сатудың бес фактісінәшкерелеген. Түркістан қаласы аумағында жүргізілген  жедел іс-шаралардың нәтижесінде қаладағы бір дәріхананыңфармацевті Cef3 дәрісінің ірі көлемін сатып жатқан жерінен ұсталған. Сатушы 336 қорапты 1500 теңгеден жалпы 405мың теңгеге саудалаған.  Сарыағаш ауданындабір азаматтың көлігінен 5000-ға жуық медициналық маска алынса,  Арысқаласындағы дәріханалардың бірінде  300теңге тұратын «Аскорбин қышқылы» 700 теңгеден сатылған.

Жағдай осыдан кейін тұрақталып кетсе жаман болмаседі.

Айтпақшы, жұртшылықауруханадан орын, дәріханадан дәрі таппай шулап жатқан кезде үн-түнсіз отырғанжергілікті мәслихат депутаттары қазір Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемелерін, үкіметке,әкімдерге берген тапсырмаларын қызу қолдап, әлеуметтік желілерде жарыса постжазып жатыр.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

Түркістан облысы




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04