Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:58, 01 Ақпан 2019

Бабалар туралы фильмдер түсіріледі

Түркістан облысында аймақта бұрын-соңды өмір сүрген көрнекті тұлғалар жайында фильмдер түсірілмек.
Өңірдегі талантты өрендер мен шығармашылық өкілдерінің оған мүмкіндігі де, біліктілігі де жететіні даусыз. Мәселен, «Оңтүстікфильм» мекемесі мен «САҚ» киностудиясы бұған дейін бірнеше айтулы жобаны жүзеге асырып үлгерді. Атап айтқанда, «Ордабасы – бірліктің туы», «Оқсыз», «Түркістан» анимациялық фильмдері, сондай-ақ 10 сериялы тарихи «Төле би» картинасы жарыққа шықты. Мұның сыртында, республикалық және жергілікті телеэфирлерден берілген «Күш атасы Қажымұқан», «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау» анимациялық фильмдері мен «Көне жетігеннің сыры» телехикаясы тағы бар.  Ал биыл «Ахмет Ясауи» телесериалы мен «Әл-Фараби» көркем фильмін және анимациялық «Қамбар батыр», «Сауран қалашығы» фильмдерін түсіру ұйғарылып отыр.Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Тегтер: