Бадамда полиэтилен қалдықтары өңделуде

04.02.2019, 20:00

6

Келешекте Түркістан қаласы Астана сияқты жасыл орманмен көмкерілмек. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ілияс Құрамысов мәлім етті.Оның алғашқы қадамдары жасалып та қойған. Былтыр облыс орталығының маңынан «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне алынған320 гектар жердің 300 гектары өңделіп, 200 гектарына бадам (миндаль), қарағаш, өрік көшеттері егіліпті. Биыл да қаланың тынысын кеңейтетін игі істер жалғасын таппақ. Шаһар айналасынан тағы 740 гектар жер телімі «Жасыл аймақтың» теңгеріміне алынып,  мемлекеттік акті алу жұмыстары жүргізілуде.Облыс әкімдігінің елдімекендерді көгалдандырудың 2017-2021 жылдарға арналған «Шатқал» іс-шара жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 2018 жылы аудан, қала әкімдіктерімен 2 мың 289 гектарға 986 мыңға жуық әртүрлі ағаш-бұта көшеттері егілді. Сол көшеттердің 414 мыңнан астамы Құрамысов басқаратын басқарманың ұйытқы болуымен  тегін берілген.Жануарлар дүниесін күзету бағытында Сырдария өзенінің бойындағы тұқымбақта жартылай еркіндікке жіберілген бұқар бұғыларының саны былтыр 9 басқа артып, 155-ке жетті. Олардың 84-і ішкі қоршауда, 71-і еркіндікте жүр. 2018 жылы Бүкіләлемдік табиғат қорымен (WWF) өңірлік парктен 5 бас бұғы Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына жерсіндірілді.Басқарманың ұсынысымен былтыр Отырар орман шаруашылығының 66 мың гектар аумағында орналасқан Қаратау орманшылығына табиғи-ғылыми негіздеме жасалыпты.Десек те қоршаған ортаға қауіп төндіру секілді заңбұзушылықтарға баратындардың әрекеттері тыйылмай тұр. Оған сұғанақтыққа қарсы күрес барысында өткен жылы орман күзеті қызметкерлерімен жүргізілген 895 рейдтің нәтижесін келтірсек те болады.– Рейд жұмыстарының нәтижесінде 251 заңбұзушылық фактісі тіркелді. Оның 33-і аң аулау ережесін бұзу, 48-і заңсыз ағаш кесу болса, 170-і басқа да заң бұзушылықтар екені анықталды, – дейді Ілияс Шойбекұлы.Облыс аумағында 196 жер қойнауын пайдаланушы бар. Оның 37-сімен қатты пайдалы қазбалар бойынша, 28-імен жер асты сулары бойынша, 131-імен тас-шағал, кұм, топырақ, гипс, ас тұзы, әк-тас секілді кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшарт тіркелген. 131-дің 14-і барлауға, 117-сі өндіруге құқық алған. Алайда жер қойнауын пайдаланушылардың қатарында міндеттемелерін орындамайтын да аз емес көрінеді. Олардан басқарманың жолдаған талап-арызы негізінде 61 млн 200 мың теңгені өндіріп алу бойынша сот шешімі шығыпты. Сол сияқты 189 млн.теңгені өндіру бойынша 11 талап-арыз сотта қаралуда екен. 2-еуімен келісімшартты үзуге де тура келіпті. 4-еуі өз еріктерімен келісімшарттарын қайтарып берген. Су қорғау белдеуіне шығып кеткен 19-ының жұмысы  уақытша тоқтатылған.Дегенмен, жер қойнауын пайдаланушылармен өңірдің әлеуметтік саласына 2018 жылы 1 млрд. 226 млн.теңге қаражат аударылыпты. Оның 92 млн.-ға жуығы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруден түскен. Сонымен қатар, орманды және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудан – 31 млн. 52 мың теңге, жануарлар дүниесін пайдаланудан 132 млн. 621 мың 500 теңге бюджетке алынған.Заң бұзушылықтар мұнымен де бітпейді екен. Мына мәлімет соның айғағындай. 2018 жылдың ақпан айында облыс прокуратурасы мен басқарманың бірлескен жұмысы нәтижесінде аудан, қала әкімдіктерімен су қорғау аймағы мен белдеулерінде көлемі 34 мың гектардан асатын 321 жер телімінің берілгені анықталған. Талдау жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктерге жол берген 14 лауазымды тұлғаға тәртіптік шара көріліпті.2018 жылдың қорытындысы бойынша заңсыз берілген жер телімдерінің 171-і мемлекетке қайтарылса, 50 жер телімін қайтару ісі сотта қаралуда. Қалған 100 жер телімі бойынша аудан, қала әкімдіктері тарапынан қайтару жұмыстары жүргізілуде екен.Облыстағы 1 млн 973 мың 331 тұрғынның 82 пайызы қоқыстарды жинау және тасымалдау қызметімен қамтылса, биыл бұл көрсеткішті 92 пайызға жеткізу көзделуде.Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу көлемі меже бойынша 7 пайызға жоспарланған болса, былтыр ол 7,2 пайызды құраған. Қатты қалдықтарды заман талабына сай жою және қайта өңдеу бағыты бойынша Ордабасы ауданы, Бадам индустриалды аймағында «GREEN Technology Industries» ЖШС-мен полиэтилен қалдықтарын қайта өңдеу арқылы гранула және штапель жіптерін өндіру зауытының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Зауытты іске қосудың І-кезеңі 2018 жылдың шілде айында жүзеге асырылып, 711 тонна полиэтилен флексі өндірілген. 2019 жылдың сәуір айында зауыттың II-кезеңін іске қосып, полиэтилен қалдықтарынан химиялық талшықтар – синтепон, холлофайбер өндіру жоспарлануда. Ал өндіруге қажетті шикізаттар – полиэтилен қалдықтары облыс аумағынан және өзге де өңірлерден тасымалданады.Кентау қаласында жеке кәсіпкер Булегенов қаланың қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны аумағында қалдықтар – пластмасс, пластик, полиэтилен қалдықтары және қағаз өнімдерін сұрыптау жұмыстарын жүргізіп, оларды қала аумағында орналасқан «Статус Эверест» ЖШС-нің зауытына қайта өңдеуге тапсырады. Қайта өңдеудің нәтижесінде, жартылай шикізат ретінде пластикалық түйіршіктер дайындалып, аталған шикізат пластикалық құбыр жасауға пайдаланылуда.Түркістан қаласында жеке кәсіпкер Акметов тарапынан түрлі полиэтилен және қағаз-картон, пластикалық қалдықтарды бөлек жинақтап, қалдықтарын тұрғындардан, полигон аумағынан жинақтап, қайта өңдеу арқылы пластикалық құбырға қажетті шикізат өндіруде.Ауаны ластаудың алдын алудың бір жолы – автокөліктердің отынын газға ауыстыру. Бұлай ету сұйық отынның атомосферадағы зиянды заттардың көлемінің жүктемесін 2-3 есеге төмендетеді. Бүгінде облыс аумағында 300 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Тұрғындарға 44 жолаушылар тасымалдау компаниясы 1224 автобуспен қызмет көрсетеді. Сол қоғамдық көліктің 294-і газбен жүреді. Басқарманың ұсынысымен жыл басынан бері 80 қоғамдық көлік газға ауыстырылыпты.– Түркістан қаласының экологиялық бақылау жүйесін кеңейту мақсатында 2019 жылы «Казгидромет» РМК-мен бірлесіп, атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізетін 3 автоматтық станциялар орнату мәселесі қаралатын болады, – дейді И. Құрамысов. Арман ҚАЛДЫБЕК.         
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39