Баға уағдаластығына барған

Соңғы екі үш айда қант қымбаттап кетіп, жұрт, тіпті, оған жете алмай қалған еді.
Қарағандыда қанттың бағасы ерекше көтерілген-ді. Сөйтсе, қадағалаудың жоқтығына сенімді болған қант тасымалдаушылар өзара келісіп, құмшекердің бағасын өсіріп жіберіпті.Монополияға қарсы департамент 2021 жылдың желтоқсан айында және 2022 жылдың қаңтар айларында көтерме сауда жасау нарығын тексерді. Осы уақыт аралығында қант тасымалдаушылар бір мезетте бағаны көтеріп, сосын, бір уақытта ақылдасып, бағасын түсіріп отырған екен. «Самади 1» ЖШС, «Адал-Аспан» ЖШС, Aron KZ және «ЕрАй-2012» ЖШС-тері бір мезетте аймаққа көтерме сауда жасағанда, қант бағасын өсіріп, кейін түсіріп отырған. Бұлардың аймақ нарығына қант жеткізу үлесі 35 пайыздан асады», – деп хабарлады Монополияға қарсы күрес департаменті.Аталған мекемелерге 30 күн ішінде олқылықты түзетуге ескерту жасалды. Алайда олардың ескерту ала салып, керек кезінде бағаны көтеріп жүре бермесіне кім кепіл?