Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:47

«Бағанашыл» дауы: үш шенеунік қызметінен кетті

Бағанашылдағы балалар үйі
Бағанашылдағы балалар үйі. Фото: ашық дереккөз

«Бағанашыл» балалар үйі тәрбиеленушілерін күштеп көшіру дауына байланысты бірқатар лауазымды тұлға отставкаға кетті.

Қызметінен кеткендер:

  • Болат Күреңбеков – Алматы облысы әкімінің орынбасары;

  • Салтанат Беспаева – облыстық білім басқармасының басшысы;

  • Ерік Әбітов – облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы.

Сонымен қатар Болат Күреңбековке қатаң сөгіс жарияланды.

Бұл кадрлық өзгерістер қоғамда үлкен резонанс тудырған оқиғадан кейін жасалды. Бұған дейін әлеуметтік желіде балалар үйі тәрбиеленушілерін «Бағанашыл» ықшамауданына күштеп көшіру сәті түсірілген видео тараған. Кадрларда балалар мен қызметкерлердің қарсылығына қарамастан көшіру жүргізілгені көрініс тапты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайға дереу реакция білдіріп, көшіруді тоқтатуды және балалар үйі Алматы әкімі Дархан Сатыбалдыға қала балансына алып, ғимаратына жөндеу жүргізуді тапсырды. Мемлекет басшысының араласуынан кейін көшіру науқаны тоқтатылып, тәрбиеленушілер Алматы қаласында қалды.