Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:50, 13 Қазан 2023

Бағдат Мусин Астана мен Алматы тұрғындарынан кешірім сұрады

Мусин
Фото: из открытых источников

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Алматы мен Астана тұрғындарынан кешірім сұрады.

Астана қаласында өткен Digital Bridge форумында өткен брифингте БАҚ өкілдері министрден ауыл аймақты былай қойғанда, қалалардағы  интернет сапасының көңіл көнштіпейтінін айтып, себебін сұрады.

"Қазір 5G технологиясы мен базалық станциялар жаппай орнатылып және көшіп жатыр. Олар экспортталады немесе импортталады, процесс жүріп жатыр. Әрине, процесс кезінде қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл – осы қызметтерді орнату және конфигурациялау кезіндегі технологиялар. Әрине, тұрғындардан кешірім сұраймыз. Дегенмен уақытша құбылыс. Ұялы байланыс операторлары жыл соңына дейін елорда мен Алматыдағы жағдайды түзетеміз", - деді министр.

Сондай-ақ Бағдат Мусин 2025 жылдың соңына дейін әрбір облыс орталығы аумағының 60 пайыздан астамы 5G технологиясымен қамтылатынын атап өтті.

"Жоспар бойынша біз биыл 700 базалық станцияны орнатуымыз қажет. Операторлар қазірдің өзінде бұл көрсеткішті еңсерді. Жыл соңына дейін 1 мыңнан астам базалық станция орнатылады. Ұялы байланыс операторлары президенттің тапсырмасын орындап, республикалық маңызы бар қалалардың кем дегенде 75 пайызын және облыстың 60 пайыздан астамын 5G технологиямен қамтитынына толық сенемін",-деп қорытындылады ол.

Тегтер: