Бағлан БАБІЖАН, музыка зерттеушісі: Қара өлең – қазақтың жаны

«Ерте, ерте, ертеде» деп басталатын ертегілерді оқуды бүгінгібалалар доғарды десек те болады.
Қазір біріне-бірі ертегі, аңыз әңгіме айтыпберетін бала некен-саяқ. Көнеден келе жатқан рухани байлықты оларға үйрететінқариялардың өзі қалғып кеткендей. Бүгінде бала жан дүниесін жақсылыққа жетелейтінәңгіме түгіл, ғасырлар бойы қазақтың қадірін арттырған фольклорының өзітамырына балта шабылғандай күй кешуде.
Біз осы орайда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттықконсерваториясы және Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы, әнші-сазгерБағлан Бабіжанмен ел арасындағы қымбат қазынамыз төңірегінде пікірін сұрап білгенедік.
Қара өлең –қазақтың жаны. Бұлай деуімізге негіз бар. Қазақ ұлт болғалы бері өз жыры, өз музыкасыболған. Ұлтымыздың рухани байлығы саналған қара өлең бүкіл ұрпақты тәрбиеледі.Әрбір өлеңді әнімен нәшіне келтіре айтқанда, құймақұлақ балалар жаттап алып, мал соңында жүріп даланы әнгебөлеген. Ал ел ішіндегі той-томалақта небір өлеңдер айтылған. Авторы белгісізсол өлеңдер халқымыздың рухани байлығы еді. Қара өлеңге жанр ретінде назараударған әдебиетші-фольклоршылар ұлы құндылықтарымызға ерекше баға берді. ШоқанУәлиханов, Мұхтар Әуезовтен бастап, бертінде Ақселеу Сейдімбеков, ОразақынАсқар секілді зерттеушілер мұраларымыздың мұрты бұзылмайтындай ғылыми еңбектерқалдырды. Айталық, Ақселеу ағамыздың «Мың бір маржан», Оразақын ағамыздың «Қара өлең» жинақтарын баға жетпес байлықдеуге болады. Үлкендердің жолын қуып әрі өнер жолында жүрген соң, қара өлеңнің маңыздыжақтарын біз де зерттеп көрдік. Нәтижесінде «Қазақтың жүз қара өлеңі» депаталатын кітап шығардық.
Мұның бәрін сөзету себебіміз – соңғы жылдары халқымызды алаңдататын жағдайлар көбейді. Соныңбірі – шалғайдағы жұрттың арасында әлі күнге зерттелмеген мұралардың көптігі.Ол – фольклор. Ел арасындағы әндер. Оны жинайтын, зерттеп-зерделеп, алтын қорғатапсыратын азаматтар азайды. Бұған біз жолсапарда жүрген кездері көз жеткіздік.Жалпы, ел ішіндегі халық әндері туралыайтар болсақ, қазіргі фольклордың жағдайы мәз емесіне көз жеткіземіз. 2017 жылыҚұрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының докторантура бөліміне түсіп,диссертация тақырыбын ән фольклоры бойынша таңдағанмын. Нақтырақ айтсам, Жетісудың оңтүстік-батысындағыән фольклорының қазіргі жағдайы. Осыған байланысты бірнеше рет арнайы сапарғашықтым. Әрине, тақырыбым бойынша қазіргі кезде ел ішінде айтылатын әндер керекболды. Шын мәнінде шалғайдағы жұртқандай ән айтып жүр? Қандай әндер сақталған? Өкінішке қарай, бәрі керемет деугеауыз бармайды.
Алдыңғы жылы Жамбыл облысының Меркі ауданына барғанэкспедиция кезінде көне әндердің әлі де айтылатынына көз жеткіздім. Жалпы,Жетісу әндері әр уақытта А.Затаевичтың, Б.Ерзаковичтың, Алма Темірбекованың, Талиға Бекхожинаның, Саида Еламанованың, Б.Мүптекеевтіңеңбектерінде кездесетін. Үміт отының шоғы сөнбегеніне қуандым. Қазіргі кезде елішіндегі фольклорлық әндерді орындаушылар 60, 70, 80 жастағы ата-апалар болды.Өте сирек жағдайда 90 және керісінше, өте жас – 50 жастағы респонденттер декездесті. Мен экспедиция жасаған аудандарда ұмытыла бастаған әндерді айтушылар оны анасынан, келін боптүскен жерде енесінен естіген. «Осы әнді енем, атам айтушы еді» деушілер болды.
Мысалы, адамды,малды аурудан аластайтын бәдік өлең, күләпсан деген ән қазір еш жердеайтылмайды. Ең сирек әндердің бірі – жоқтау. Бір қарағанда осының барлығы қазынамыздытолықтыратын өнер жанры. Әсіресе қай жерде әжелердің әншілер тобы болса, солжерде ескі әндер жақсы сақталады. Мәселен,Меркі ауданында «Ақ әжелер» ансамблінің мүшелеріне жолыққанда жақсы әндертаптым. Бұрын-соңды естімеген, кітаптарда жарияланбаған сирек әндерді АманкүлОспанова әжемізден жазып алдық. Ақермен ауылының тұрғыны Оңлан Мақашева, ХадишаСамединова, Оңласын Тұрғанбаева, Сарғаукүл Іңкәрбекова, Якүл Тілеуқұлова,Несіпкүл Қалтайқызы сияқты апаларымыз сирек әндерді орындауымен таңғалдырды. Ел ішінде айтылғанжарапазан, бірнеше бесік жыры, сирек немесе мүлде айтылмайтын халық әндерітабылды. Нәтижесінде сол фольклорлық экспедицияның материалдары «Меркі өңірініңән фольклоры» деген ән жинақ болып шықты.
Былтыр Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұйымдастыруыменЖамбыл және Түркістан облыстарына экспедиция ұйымдастырғанда да көп олжағакенелдік. Уақыт аз, ауылдардың арасы өте шалғайлығына қарамастан, уақыттытиімді пайдалануға тырыстық. Аудандағы ұйымдастырушылар бірнеше ауылдың өнерпазқарияларын бір ауылға жинастырып, біраз дүние жазып алдық. Мұның барлығы айтуғағана оңай. Ел ішінде сирек айтылатынәндер, әсіресе, шалғай ауылдарда кездесті. Мысалы, Қордай ауданындағы Күнбатыс,Өтеген, Ноғайбай, Шарбақты ауылдары өте шеткері орналасқан. Екінің бірібармайды. Бірақ нағыз қазына сонда болып шықты. Сол жерде Шайкүл, Қалила,Дүйсенгүл деген әжелеріміз сирек әндерді бізге жеткізді. Сол фольклорлық әндерді биыл жыл соңында немесекелер жылы кітап етіп шығару жоспарда бар. Қазір облыстарға хат жазып, халықәндері онлайн түрінде әлі жинақталып жатыр.
Енді нақты мәселені айтайық. Ең бастысы, ел ішіндегі негізгіфольклорлық ән жанры – қара өлеңді жинаудытездету керек. Өйткені оны білетін жұрттың ең жасы 70-тің үстінде. Тіпті көкірегіқазына қарияларды арнайы таспаға түсіріп алудан да ұтылмас едік. Екіншіден, жинақталған көне өлеңдерге мәдениетминистрлігі ерекше назар аударып, кітап етіп шығаруды қолға алғаны жөн.Телеарналарда қара өлеңді жас ұрпақтың назарына ұсыну үшін арнайы хабарлар ашукерек. Осы орайда, бір әжей бізге өкпе-назын айтты:«Қазіргі асабалар бізге тойда ән айтқызбайды». Бұрын тойларда ылғихалық әндері, қара өлең айтылатын. Тіпті тойбастар ерекше еді. Кім тойбастардыжақсы айтса, сый соған жасалатын. Қазір тойға барған бүкіл қонақ тойбастаралады. Осының өзі халқымыздың салт-дәстүріне сына қағылғанын аңғартады.Сондықтан халық қазынасын қорғауды мәдениет министрлігі тездетіп қолға алғаныжөн. Ел ішінде әлі жиналмай, нотаға түспей, зерттелмей жатқан әндер қаншама!Соның барлығы біздің баға жетпес асыл қазынамыз.
Бүгінгі бала– ертеңгі болашағымыз. Міне, солар бірінші кезекте бүгінгідей жеңіл-желпіәндерден бұрын, халық әндерімен сусындағаны жөн. Ол үшін мектептегі музыкапәніне назар аудару керек. Тіпті жыл сайын оқушылар болмаса ересектер арасындақазақтың қара өлеңін насихаттайтын фестивальдар ұйымдастырылып, телеарналарарнайы хабарлар ұйымдастырып жатса, ол да біздің ұлт мәдениетін назардан тысқалдырмағанымызды аңғартар еді. Сайып келгенде, осының барлығы болашағымызғаашылатын жарқын жол болмақ.
Жазыпалған Жолдасбек ДУАНАБАЙ