Бағы жанған Бақберген

04.08.2020, 12:59

15


Павлодарлық Бақберген Қаламұш – тағдырдың жазуымен өзі сияқты арбағатаңылған жандарға көмектесіп жүрген кәсіпкер. Өңірде бұрын-соңды болмағаноңалту орталығын ашуға жергілікті билік қол ұшын созып, арманы орындалып еді.Енді жас кәсіпкерге кәсібін кеңейту үшін тағы да мемлекеттік қолдау қажет.  

Павлодар облысының тұрғыны Бақберген Қаламұш 2017 жылыәскер қатарына алынып, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүрген тұста ауыржарақат алды. Қолдан жасалған екіқабатты темір төсектің жоғары бөлігі үстінеқұлап, бел омыртқасы сынып, жұлыны қысылып қалды. Бұл жазатайым оқиғадан соң,тепсе темір үзетін жігіт үйіне арбамен оралды.

Ата-анасы апармағанемші, шипажай, оңалту орталығы қалмады. Абырой болғанда, Талдықорған қаласынаноңалту орталығы табылып, Бақберген сол жерде жарты жыл бойы ем алды. Бастапқыдаотыруды, еңбектеуді, кейін бір-екі қадам жасауды үйренді. Бірақ бөтен қаладажарты жыл бойы пәтер жалдап, оңалту орталығына барып-келу қарапайым отбасыныңқалтасына айтарлықтай салмақ салды. Содан Бақберген Павлодарға қайта оралды. Бұлқалада оған қажет жаттығулар кешенін ұсынатын, тиісті құралдармен жабдықталғанорталық табылмады. Тек портал арқылы жарты жылда бір рет шипажайға барып, 25 күнбойы ем қабылдап жүрді. Одан айтарлықтай нәтиже болмады. Жас жігіт жарты жылдабір келер кезекті күткісі келмеді. Содан ағасы екеуі интернетті ақтарып, темір-терсекқабылдайтын жерлерден темір сатып алып, өз қолдарымен аяқтың бұлшық етінеарналған құралдарды жасай бастады.

– Өз қолымызбендайындаған темір құралдардың көмегі тиіп, жағдайым жақсарғаны байқалды. Біркүні «жаттығуларды өзім ғана істей бермей, өзгелерге  неге көмектеспеске?» деген ой келді. Өйткенішипажайға барғанымда, талай жыл бойы аяққа тұра алмай, өзге өңірлердегі оңалтуорталығына баруға мүмкіндігі жоқ адамдарды көрдім. Осы оймен жергіліктіжұмыспен қамту орталығына бардым. Олар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынажіберді. Палатада бір айға жуық кәсіпкерлік негіздерін үйреніп, оңалтуорталығын ашу бойынша жобамды сәтті қорғап, 500 мың теңге көлемінде грант алдым,– дейді ол.

Бірақ бұл қаржыжергілікті нарықтан бірнеше құрал алуға ғана жетті. Ал оған орталыққа қажетғимарат, тағы бірнеше спорттық жабдықтар қажет еді. Сөйтіп, облыстық әкімдіктенкөмек сұрауға бекінеді. Сол тұстағы аймақ басшысы Болат Бақауовтың қабылдауынажазылып, көптен бері көкейде жүрген тілегін жеткізеді. Араға апта салмай,әкімдік өкілдері хабарласып, ғимарат мәселесі шешілгенін айтады.

– Шыны керек, әубаста мәселемнің шешілеріне күмәнмен қарадым. Себебі көп жағдайда биліктіңқұрғақ уәдемен тойдырып жіберетіні белгілі ғой. Бірақ бұл жолы бәрі басқашаболды. Болат Жұмабекұлы менің әлеуметтік маңызы бар ұсынысымды қолдап, «жанамдеген жүректерге от беру» керектігін айтты. Сөйтті де, өзім тұратын Кенжекөлауылында жаңадан салынған мәдениет үйінен бір бөлме берді. Жаңа нысанның ашылусалтанатына келіп, қолыма 5 миллион теңгелік сертификатты ұстатты. Сол сәттеқатты қуандым. Ғимарат та, ақша да бар. Кейін білсем, облыс әкімі кезінде өзім еңбекеткен Ақсу ферроқорытпа зауытының басшылығына демеушілік жасау туралы қолқасалып, қаржылай қолдау көрсетіпті. Сол үшін Болат Бақауовқа ризашылығым зор, – депағынан жарылды жас кәсіпкер.

Демеушілік қаржығатағы бірнеше жаттығу құралын алып, қала іргесіндегі Кенжекөл ауылындағымәдениет үйін толығымен жабдықтады. Сөйтіп, осы жылдың қаңтар айында жұмысынбастады. Айта кету керек, мәдениет үйінің ғимараты оған тегін берілді. Ешқандайжалдау ақысы жоқ.

Бастапқыда оңалтуорталығына  3-4 адам келсе, кейін олардыңқатарына тағы 6-7 тұрғын қосылды. Жаттығулардың барлығын Бақберген өзікөрсетіп, қадағалайды. Айтуынша, оң нәтиже көрсетіп жатқан адамдар аз емес.Мұнда бір ай ем қабылдаудың құны – 50 мың теңге. Ал бір сағат үшін 320 теңгетөлейді. Атап айтарлығы, қашан келіп, қашан кететінін, қанша сағат жаттығужасайтынын әр емделуші өзі шешеді. Бірақ карантин режиміне байланысты бұлорталықтың да жұмысы уақытша тоқтап тұр.

– Келушілер саныкөбейгендіктен, мәдениет үйіндегі бір бөлме тарлық ете бастады. Оған қоса,облыстың басқа аудан-қалаларынан келіп, ем қабылдауды қалайтындар бар.Сондықтан бірнеше адамға арналған жатын орны бар жаңа оңалту орталығын ашқымкеледі. Ол үшін жерім де, жобам да дайын. Тек осы ойымды іске асыру үшінмемлекеттің көмегі керек, – дейді ол.

Әзірше жас жігіттіңбұл ұсынысын Павлодар өңірінің қазіргі әкімі Әбілқайыр Сқақовқа жеткізудің сәтітүспепті. Жас кәсіпкер көп ұзамай аймақ басшысымен жүздесіп, ол өз кезегінде оныңалдында қызмет еткен әкім сияқты кәсіпкерге қол ұшын созады деп үміттенеміз.

Мәриям МАҚСАТ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16