Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:02

Бахрейнде дрон шабуылынан жараланғандар саны 32 адамға жетті

Бахреин
Фото: Anadolu Ajansı.

Иранның Бахрейн аумағына жасаған дрон шабуылынан жараланғандар саны 32 адамға дейін артты. Бұл туралы Anadolu Ajansı жазды.

Бахрейн Денсаулық сақтау министрлігінің 9 наурыз, дүйсенбі күні мәлімдеуінше, жараланғандардың төртеуінің жағдайы ауыр.

Бахрейн Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, дрон шабуылы Ситра жағалау қаласына жасалған. Соның салдарынан көптеген тұрғын үйлерге зиян келген.

Сонымен қатар Бахрейннің мемлекеттік мұнай-газ компаниясы Bapco Energies Таяу Шығыстағы жалғасып жатқан қақтығыс пен өздерінің мұнай өңдеу кешеніне жасалған шабуылға байланысты форс-мажор жариялағанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға қарсы шабуылдар бастаған. Бұл әскери әрекеттер Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер жүріп жатқан кезде басталған.

Бұған жауап ретінде Иран Израильге, сондай-ақ аймақта АҚШ әскери базалары орналасқан бірқатар елдерге, атап айтқанда Катар, Біріккен Араб Әмірліктері және Бахрейнге соққы жасаған.

Ал АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан Иранның жоғарғы жетекшісі аятолла Әли Хаменеи және елдің бірнеше жоғары лауазымды тұлғалары қаза тапқаны хабарланды.