Байахметов жұтым суы «жырға айналған» ауылдар үшін жауап бере ала ма?

30.09.2019, 19:52

4

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал АХМЕТОВ жылбасында «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында үстіміздегі жылы облыстағы 60ауылдың әлеуметтік мәселесін қамтитын, яғни, ауыз су, жол жөндеу, газ құбырынтарту сияқты жобалардың қолға алынатынын мәлімдеген болатын.

Осы мәселелерге орай зерттеу жүргізген «ЖасАЛАШ»тілшісі бір ғана ауданда ауыз су мәселесі әлі күнге дейін «ауызшашешіліп» келе жатқанын анықтады. Атап айтқанда, Аякөз ауданының Мамырсу,Мыңбұлақ, Ақшатау, Қопа  ауылдарында «Ауыз су», «Ақ бұлақ»бағдарламалары бойынша атқарылып, былтырғы жылы тапсырылуға тиісті істерге әлікүнге дейін нүкте қойылмаған. Соған қарамастан атқарылған жұмыстар қатарындақабылданып кеткендері де бар.

Қызығы сол, бюджеттің миллиардтаған қаржылары кететінқат-қабат шаруаларды дер кезінде нақты мақсатқа пайдаланып, осы істі ойдағыдайаяқтауға  жауапты болған сол кездегіаудан әкімі Бақытжан БАЙАХМЕТОВ қазір ШҚО әкімі Д. Ахметовтің орынбасарықызметінде отыр. Отырғаны жөн шығар, бірақ, «Өзінің туып-өскен жерінің өзектімәселесін тиянақты аяқтай алмағанына қарамастан, оны қабылдап (бәлкім, кабылдатып)жіберген  басшы  облыстың бүкіл осындай мазмұндағы істерінқалайша реттей алмақ?»,- деген сауал туындайды еріксіз...

Бұл сауалға жауапты оқырман еншісіне қалдырып, Мәжілісдепутаты Нұртай САБИЛЬЯНОВТЫҢ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі менБас прокуратураның назарына ұсынған дерегіне жүгінелік. Н. Сабильяновтыңмәліметіне сүйенсек, өткен жылы ШҚО, Аягөз ауданын ауыз сумен қамтамасыз етумақсатында республикалық бюджеттен жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеден астам қаражатбөлінген. Алайда, Мәжіліс депутатының мәліметінше, аудандағы осы салаға қатыстықарастырылған сегіз жобаның 7-і қағаз жүзінде қалып, біреуі ғана соңына дейінжеткізілген. Бір ғана Мыңбұлақ ауылына былтырғы жылы 200 млн. теңге бөлінгенінеқарамастан, биыл тағы да 177 млн. теңге қосымша қаражат қарастырылыпты. Нәтижесіндеқыруар қаражат бөлінгенімен, таза ауыз суға кенелу мұңға айналған.

Мәжіліс депутатының бұл тұрғыда анықтаған жайлары биылғыжазда Аякөз ауданындағы ауылдарда сайлаушыларымен өткізген кездесулеріндеайтылған болатын. Ауыз су құбырын төсеуге жер қазылып, бүгін ертең ауласынан сукелетініне қапысыз сенген жұрт ақыр аяғында іс аяқталмай сан соғып қалғандарынайтып, Н. Сабильяновқа шағымданғанына куә болғанбыз. Тіпті, соған қарамастанМамырсу, Ақшатау ауылдарында «істің толығымен аяқталғанын баяндап, қол қойылыпкеткені» туралы да хабардар еткен. Мамырсудағы кейбір отбасылар, ауыз суға әлітолықтай қол жеткізе алмай отырғанына шағымданса, енді бірі судың тұнық тазаемес, сарғыш түспен шығатынына налыған. Ал, Ақшатауда су құбырын тарту әліжалғасып жатыр.

Жалпы, Аягөз ауданында бюджеттен бөлінген қаржынықалауынша қарпып қалу ауданның бұрынғы басшысынан қалған «дәстүр» екендігінедепутат келтірген мәліметпен қатар, арнайы барған сапарымызда да көз жеткіздік.

Ауылаты Мыңбұлақ болса да ауыз суға зар

Мәселен, Мыңбұлақ ауылының халқы ауыз су игілігін биыл датолықтай көріп үлгермейтіні белгілі болып отыр.


-Қазірбіз күндізгі 12-ден бастап бір сағатқа жетпейтін уақытта ғана бес-алты отбасымаңайдағы бір адамның иелігіндегі құдықтан екі реттен су алып отырмыз. Жарайды,тамақ істеуге, ішуге жетеді дейік. Ал, кір жууға, балаларымызды шомылдыруға,мал суғаруға қайдан аламыз? Амал жоқ, іргедегі өзен суын пайдаланған боламыз.Ал, биыл мына «Ақ бұлақ» бағдарламасымен келген су жартылай басталып, аяқталмайқалды. Жақсыгелді деген талдықорғандық бір азамат басы-қасында жүрген. Бірақ,нақты қай мердігер компанияның адамы екенінен хабарым жоқ. Сол күйі істің соңыжұмбақ болып қалды. Судың тасымалы күн жылыда білінбейді, нағыз бейнетті қыстүскенде көріп отырмыз, — дейді ауыл тұрғыны Аяулы МҰСАХАНОВА.

Біз аталған тұрғынның нұсқауымен су беріп отырған, құдығыбар үйдің есігін қақтық. Үй иесі Сейфілмүлік ИБРАЕВ құдық иесі екенін жасырғанжоқ.

-Қыстыкүнішын бейнет көреміз. Боран қатты болады. Құдық мотормен істеп тұр. Ол сыныпқалса, кейде, әр отбасы қаражатын бөліп бірігіп, алатынымыз да бар. Жартысағатқа ғана қосамын. Артық күшке жанып кетеді. Түс ауа бестен кейін бір қосам,жақын маңай алады. Жалғыз мен емес, екі-үш осындай құдығы бар үйлер бар.Қысқасы, ауыл аты «Мыңбұлақ» болғанымен, ауыз суы мұңға айналып отыр, -дейді С.Ибраев.

Ақсақал ауыл іргесінен су құбырының төселуібасталғанымен, мыңбұлақтықтардың көсегесін көгерту биыл жоқ екенін, құбыр үшінқазылған тереңдігі 2,5 метр шұңқыр жабылмай, мал мен адамның мертігуіне десебеп болатынын айтып өтті. Тап осыны растағандай жанындағы ойын жасындағынемересі «Мен шұңқырға түсіп кетіп, жылдам шығып кеттім» деп жайып салды...

-Обаста жақсы қарқын алған жұмыс жартысына жетпей сәуір айында тоқтап қалды. Себебінтүсіне алар емеспіз. «Жоғары жаққа» шығып, хат жолдайын десең, зейнеткерлікжасқа келген қарттар қатарында болғандықтан ұяламыз. Жастар болса, әкімдіккебарып, мәселені мән-жайын анықтауға өз істері үшін алаңдай ма, аттап баспайды.Суды 200 метр жердегі құдықтан флягтармен тасып жүрміз. Мыңбұлақтың табиғатытамаша, бау бақша салуға да қолайлы. Бірақ, күнделікті шай-тамағыңа әреңжеткізетін сумен қайтіп бақша саламыз?-дейді ауыл тұрғыны Қапура ОМАРОВА.


Тек Мыңбұлақ қана емес, бюджеттен бөлінген миллиардтағанқаражаттың жұмысы соңына дейін жеткізілмей, өзге де ауыл тұрғындарының аузын«айға қаратып кеткен» себебін білмек оймен Аякөз аудандық ТҮКШ бөлімібасшысының сектор меңгерушісі Медет ТӘТЕНОВТІ сөзге тарттық.

«Қоспәтерліүйлер бір үй болып көрінген»

-Мыңбұлаққа 2018 жылы 200 млн. теңге бөлініп, толықтайигерілген. Ал, 2019-ға 10 млн. теңгесі ғана бөлінді әзірге. Негізгі сомасы 415млн. теңге. Қазіргі күнге дейін жартысы ғана игерілген. 13,9 шақырымның 9,9шақырымына ауыз су құбыры төселді. Биылғы маусымда аяқталуға тиіс жұмыстың тоқтапқалу себебі сот процестері жүріп жатыр. Осы жұмысты атқаруға тиісті болғаналматылық мердігер компаниямен маусым айында келісім-шарт бұзылды. Жұмыс биылаяқталмайды. Келесі жылдың маусым айына дейін созылуы мүмкін. Ақшатау ауылындабылтырғы жылы су құбырын тарту аяқталды делінгенімен, жергілікті тұрғындардыңауызсуға толықтай қол жеткізбегені рас. Сотқа тартылған мердігер компания қазірқалған жұмыстарын аяқтап жатыр.

-Аякөздіңіргесіндегі Мамырсу ауылындағы бірқатар отбасылар, көршісіне енген су құбырынансырт қалғандықтарын айтып  дабыл қағыпотыр. Бұған не дейсіз?..

 -Мамырсуғаарналған ауыз су тарту жобасы 2011 жылы жасалғанда, қоспәтерлі үйлер картадабір ғана үй болып көрсетілген. Жобалаушылар әрбір үйді көріп шығуға тиісболатын. Яғни, қабырғалас екі үйге екі құбыр өткізулері керек болатын. Ал, оларкарта бойынша, жүріп өте шыққан. Мердігер компания басшысының да айтары сол,жобада бір үйге бір труба болып көрсетілген. Сметада қаралмағандықтан, арықарай, қайтадан қолға алып, артық шығынға батқысы келмейді. Мен бұл жобақабылданған кезде жүрген жоқпын, тек білетінім — жұмысты «Юко» компаниясы 2017жылы жоба бойынша қолға алып, сол жылы толықтай аяқтаған. Қоспәтерлі үйлерге сутартуды олар картада көрсетілген негізде жүзеге асырған,-дейді М. Тәтенов.

Қалай десек те Аягөз ауданының ауылдарын ауыз суменқамтамасыз етуде көптеген кемшіліктерге жол берілгені көрініп тұр. Бюджеттенбөлінген 2,5 млрд теңге қаражатқа сәйкес, су құбырын толықтай тартуға жауаптыболған мердігер компаниялар жұмысын дер кезінде қадағалап отыруға ауданды2014-2019 жылдары басқарған Бақытжан Байахметов бастаған жергілікті шенділеркөз жұма қарағаны көрініп тұр. Құбырлары үңірейіп, шұңқырлары жабылмай тоқтапқалған жұмыстардың кейбірінің «қағаз жүзінде орындалғаны» да «бармақ басты, көзқыстылыққа» апарғанын аңғартқандай. «Судың да сұрауы бар» дегендей,жерлестерінің көкейінде көптеген күмәнді сұрақтарды қалдырып, облысқа жоғарылапкеткен Б. Байахметов жұтым суы «жырға» айналған ауылдастарына жауап бере аларма екен?.. Білуімізше, бұл мәселе қазір құқыққорғау органдарының да назарынаалынып, тексеру көзделіп жатыр.

Фотоларавтордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27