Байбек Мақтааралда су басқан ауылдардың тұрғындарымен кездесті

14.05.2020, 16:26

7

Елбасы, партиямыздыңлидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясыТөрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысының Мақтааралауданына арнайы келіп, апат ауқымын өз көзімен көріп шықты.


Сапар барысында ол көршілес Өзбекстандағы су бөгетініңжарылуы салдарынан су астында қалған Достық, Жеңіс, Фирдоуси, Жаңатұрмыс жәнеӨргебас ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Мұнда төтенше жағдайдың кесіріненмыңнан астам үй бұзылып, 8 мың гектар егіс алқабын су басқан.


«Апат айтып келмейді» дейді халқымыз. Мақтарал жұртыныңбасына түскен қиындық елге ортақ. Ең бастысы, бас аман болсын. Қазір мемлекеттарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп, су тасқыны салдарын жою жұмыстарыжүргізілуде. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, су тасқынынанзардап шеккен тұрғындар толықтай қайта жөндеуден өткен немесе жаңа салынғанүйлермен қамтамасыз етіледі. Су басқан аймақтағы әрбір адам республикабюджетінен 100 мың теңгеден ақша алады. Әлеуметтік нысандарды, инженерлікжелілер мен жолдарды қалпына келтіруге 14 миллиард теңгеден аса қаражатбөлінді.


Мемлекет басшысының үндеуіне қолдау білдірген қазақстандықкәсіпкерлер де 5 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. Бұл ортақ іске «NurOtan» партиясы да қызу атсалысуда. Нұротандықтар Мақтааралдағы халыққа қазірдіңөзінде 920 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді, оның ішінде азық-түлік,гигиеналық құралдар, киім-кешек, төсек-орын мен құрылыс жабдықтары бар» — депатап өтті Бауыржан Байбек.


Оның айтуынша, Елбасының бастамасы бойынша Тұңғыш ПрезидентҚоры мен «Nur Otan» партиясы құрған «Birgemiz» қоры да қосымша көмек көрсетеді.


«Қордың Қамқоршылық кеңесі Мырзакент елді мекеніне 20 үйтұрғызу үшін 340 млн. теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Осылайша Достық ауылытұрғындарының баспана мәселесі толықтай шешілетін болады. Облыс әкіміӨ.Шөкеевпен бірге бөлінген жерді қарап, тұрғындармен және құрылысшыларменкездестім. Бұл жерде саман үйлердің орнына газоблоктан 100 шаршы метрдіқұрайтын 4 бөлмелі үйлер салынады. Жұмыс сапасы авторлық және техникалықбақылау саласындағы мамандардың қатысуымен, ерекше партиялық бақылауда болады»,- деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.


Сонымен қатар, жетекші партия Төрағасының бірінші орынбасарыАтакент ауылында волонтерлармен кездесіп, жастарға осындай қиын кезеңде елменбірге болып, өз еріктерімен жанкешті еңбек етіп жүргендері үшін алғысынбілдірді.


«Өткен жылы 700-ден астам жасотандық бірнеше ай бойы Арысқаласын қалпына келтіру жұмыстарына белсене атсалысқан болатын. Бүгін де «NurOtan» партиясы жастар қанатының мүшелері мен белсенділері мақтааралдықтарғакөмектесіп жатыр. Олар өздерінің нақты істерімен отаншылдықтың, ұйымшылдық пенадамгершіліктің үлгісін көрсетіп жүр. Міне, дәл осындай жауапкершілігі мол жаңабуынның өкілдері алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауларында«Nur Otan» партиясының тізімінде болуы керек. Еліміздің болашағы – осындай жастар!», — деді ол.


Мақтаарал ауданына сапар барысында Бауыржан Байбек Түркістаноблысының әкімімен бірге жедел штаб отырысын өткізді. Мұнда бірқатар өзектімәселелерді, оның ішінде инфрақұрылымдарды сапалы түрде қалпына келтіру, ауылшаруашылығы еңбеккерлеріне қолдау көрсету және тағы да басқа мәселелерталқыланды.   

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34