Байбек: «Nur Otan» балалар үйлеріндегі жағдайды жақсарту бойынша ұсынымдар берді

01.06.2020, 21:52

5

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі парақшасында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жариялаған жазбасында осылай деді.  

«Құрметті достар, Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын.
Балалардың толыққанды дамуына және жан-жақты жетілуіне жағдай жасау – «Nur Otan» партиясының негізгі басымдықтарының бірі. «Бақытты отбасы» жобасының аясында партия Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқығын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес құрды. Осы кеңестің тек бір жыл ішіндегі қызметі барысында 1300 білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарына тексеру жүргізілді. Балалар мекемелерінде жағдайды жақсарту бойынша ұсынымдар берілді. 
Бүгінде депутаттарымыз Парламент Мәжілісіндегі жұмыс топтары аясында балалар құқығын қорғау және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі заң жобасы бойынша қызу жұмыс жүргізіп жатыр» — деді Бауыржан Байбек. 
Сондай-ақ, ол партияның бастамасымен отбасындағы зорлық-зомбылықты анықтау бойынша жедел топтардың іске қосылғанына тоқталды. 
«Бірқатар өңірлерде көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау, балалар мен жасөспірімдер үшін психологиялық көмек көрсету орталықтары құрылды, ерекше балалардың ата-аналарын оқыту жүргізілуде. 
Бүгінгі мейрам – еліміздегі әрбір балаға көңіл бөліп, қамқорлыққа бөлеу үшін тағы бір жақсы мүмкіндік. 
Балалар тәрбиесі мен қамқорлығына өздерін арнаған жандарға шынайы алғысымды білдіремін. Біздің ортақ міндетіміз – әрбір қазақстандық бүлдіршіннің бақытты балалығын қамтамасыз ету», — деп жазды ол.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34