Байбектің заңгері Мамайға: Өз сөзің мен ісіңе жауап беретін кез келді
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің заңгері Айжан Тәшенова апелляциялық сот барысында жауапкерлердің сөзі мен ісіңе жауап беретін уақыты келгенін жеткізді.
Еске салайық, ерлі-зайыптылар Бауыржан Байбекті «жемқор» деп айыптап бірнеше видеоролик жариялаған болатын.
Мұнан кейін партия Төрағасының бірінші орынбасары азаматтық сотқа жүгініп, өзінің ар-намысы мен беделін заң шеңберінде қорғайтынын мәлімдеді.
Маусым айында басталған сот процесінде судья Байбектің талап-арызын қанағаттандырып, Мамай мен Иманбайды аталған видеороликтерді Интернеттен өшіруге міндеттеді.
Алайда, сот шешімімен келіспейтінін айтқан олар апелляциялық шағым түсірді. Байбектің заңгері Айжан Тәшенова болса сот шешімін өзгеріссіз қалдыруды сұрап, бұл жайттың өзгелерге сабақ болатынын алға тартты.
«Мен көрсетілген фактілерге, сондай-ақ сот шешімінің абсолютті анықтығына, анықтылығына және заңдылығына байланысты, ол өз күшінде қалатынына толық сенімдімін. Шоудың уақыты өтті. Сөздеріңіз бен іс-әрекеттеріңізге жауап беретін уақыт келді», — деді Тәшенова.
Оның айтуынша, жауапкерлер бұған дейінгі қателіктерін тағы қайталаған. Яғни, сотқа кедергі келтіруге тырысып, нақты дәлелдер мен сенімді фактілерді ұсына алмапты.