Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:15, 14 Маусым 2021

Байбектің заңгері жаңа құқықтық мәдениет пен істеген іс үшін жауапкершілік туралы айтты

None
None

Бауыржан Байбектің заңгері Айжан Тәшенованың пікірінше, белсенді Жанболат Мамай мен әйелі Инга Иманбайға қатысты өтіп жатқан сот процесі елімізде жаңа құқықтық мәдениет қалыптастырды.

Яғни, оның негізінде тұлғаның құқығын мойындау, өз әрекетіңе заң аясында жауап беру жатыр дейді заңгер.

«Біз заң аясында жұмыс істей отырып, Мамай мен Иманбайды су бетіне шығардық. Бұл прецедент жаңа құқықтық мәдениеттің қалыптасуына себеп болды. Яғни, оның негізінде тұлғаның құқығын мойындау, өз әрекетіңе заң аясында жауап беру жатыр. Мамайдың айтып жүрген демократиясы ойыңа келгеннің бәрін айту емес, құқықтың алаңда мәдени қарым-қатынас. Енді Мамайдан бұған дейін жала естіген өзге тұлғалар да Бауыржан Байбектен үлгі алып, оның үстінен сотқа шағымданады деп үміттенемін», — деді заңгер.

Ол сондай-ақ, Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбайдың Бауыржан Байбекке қатысты айтқан мәлімдемелерінің бәрін жоққа шығарып, оның қып-қызыл жала екенін айтты.

Еске салайық, сәуір айында белсенді Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбай Бауыржан Байбекті жемқор деп айыптап, бірнеше видеоролик жариялаған болатын. Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары өзінің ар-намысын заң аясында қорғайтынын мәлімдеп, ерлі-зайыптының үстінен сотқа шағым түсірді.

Тегтер: