Байден сайлауда жеңсе, Камала Харрис вице-президент болады

12.08.2020, 21:38

17

Калифорния штатынан сайланған сенатор Камала Харрис АҚШ вице-президенттігіне ұсынылған қара нәсілді алғашқы әйел болмақ. Президент сайлауына Демократиялық партия атынан қатысатын Джо Байден Камала Харристі болашақ вице-президент ретінде таңдады.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейінгі пікірталастарда "өзіне құрметсіздік көрсеткен" адамды серіктес ретінде қалайша таңдауға болады деп Байден шешімін сынады.

Трамп былтыр демократтар арасында өткен пікірталасты меңзеп отыр. АҚШ президенттігіне үміткерлерді таңдау кезінде Харрис Байденмен айтысып, оның бұрынғы саяси шешімдерін өткір сынап, эмоциямен сөйлеген еді. Дегенмен бұл пікірталаста Байден жеңген. Сол кезде Байден Харристе бар саясаткерге қажет құнды қасиеттерді байқап қалса керек.

Былтыр Харрис президент сайлауына өзін үміткер ретінде ұсынуға тырысқанмен мақсатына жете алмаған. The New York Times басылымының жазуынша, көптеген әріптестері оның сайлау кампаниясына қайта араласатынын күтпеген.

Камала Харрис 55 жаста. The New York Times оның келуі Байден кампаниясына жігер, серпін береді деп санайды.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16