Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:15, 11 Қаңтар 2022

Байланыс операторлары төтенше жағдайға орай халыққа тегін сөйлесуге мүмкіндік туғызып отыр

None
None

Жаңа жыл басталмай жатып қамыққан халықты дәл қазір ештеңемен қуанту мүмкін емес секілді.

Дегенмен төтенше жағдай кезінде мүмкіндігінше халыққа қолайлы жағдай жасау мүмкіндігі қарастырылып жатқаны қуантады.

Мәселен төтенше жағдай басталғалы ғаламтор қосылмай қоңырау шалу арқылы ғана хабар алмасып жатқан халыққа тарифке қосылса да қоңырау шалу мөлшерлемесі шақ келмей отырғаны рас. Осы орайда Ақорда таратқан хабарламаға сенсек, әр байланыс операторлары өз абоненттерін қуантып жатқан секілді.

«Мемлекет басшысы Қ-Ж Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес байланыс операторлардан әр абонентке 200 SMS/300 минут тегін беріледі» деген хабарлама да тарауда.

Туған туысын түгелдеп, жан жақтан хабар алысқан ағайынға бұл үлкен көмек екені даусыз! 

Тегтер: