«Байлар ойына келгенін істей бере ме?»

23.04.2020, 12:08

5

Түркістан облысында жерге қатыстыдау-дамай кейінгі жылдары көбейіп кетті. Соттарда қаралған істерді былайқойғанда, жерге таластың ақыры адам өлімімен аяқталған оқиғалар да кездеседі.

Жуырда әлеуметтік желіде Ордабасы ауданы Бадам ауылдық округі Қарабастау ауылындағыжайылым жерді бір кәсіпкердің жыртып, ағын суды бітегені туралы видео пайдаболды. Осы бейнежазбаны түсірген азамат «Байлар ойына келгенін істей бере ме?»деп,  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пеноблыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтен көмек сұрайды. Әңгіме арасында ол жердің бәрінСерік Сахыбеков есімді азаматтың алып қойғанын айтады. Айтпақшы, Сахыбековтыңаты-жөні осыдан бір жыл бұрын Бадамдағы басқа бір даулы істе аталған болатын.

Былтыр қазақстандық азаматшаның атына тіркелген  қытайлық компания  Бадам ауылдық округінен қорғасын зауытынанқалған қалдықтарды өңдейтін зауыт салатын болған. Алайда бұған халық табандықарсылық білдірді. Жұрт жаппай шулаған соң, қоршаған ортаға, адам денсаулығыназияны бар жоба жүзеге аспай қалды. Міне, осы у-шуда көпшілік қытайлықинвесторларға  жерді Серік Сахыбеков дегенбайдың сатқанын айтқан еді.

– Серік Сахыбеков осы ауылдық округтегі жердің көбін алып қойған. «Әкімдіктензаңды түрде алдым» дейді. Туған інісі Берік Сахыбеков ауылдық әкімдікте жержөніндегі инспектор болып істейді. Жерлердің бәрін ағалы-інілі екеуі иеленеберген. Бір жерді өзінің, бір жерді анасының, бір жерді жұбайының атынарәсімдеген. Тіпті, ауыл ішіндегі үй іргелік жерге дейін қоймайды. Енді, міне,халықтың жайылымы жоқ. Тіпті, әлеуметтік нысан салатын орын қалмай барады. Осыжөнінде талай құзырлы орындарға, әкімдікке арызданғанбыз. Олар тексереді де«бәрі заңды» деп, жылы жауып қоя салады. Сахыбеков алған жерлерін зауыт салатынинвесторларға саудалайды. Былтыр бір жерін Шымкенттегі қорғасынның қалдықтарынәкеліп өңдемек болған қытайлық компанияға сатып, оның ақыры үлкен дау-дамайғаайналды. Белгілі кәсіпкер Серікжан Сейітжановтың салып жатқан мұнай зауытыныңжерін де Сахыбеков сатқан, – деді бізге хабарласқан Бадам ауылдық округіАқбұлақ ауылының тұрғыны Асылбек Табылды.  

Оның айтуынша, осы жолы халықтың жайылымын жыртып, ағын суды бекітіптастауды Сахыбеков ерегесіп істеп отыр.

–Себебі ол осыған дейін Бадам өзенінен тас алатын. Сол жерге  тас артатын тракторын апарып қояды. Әр «КамАЗ»тасты 5 мың теңгеден сатып отырады. Бәрі заңсыз тірлік. Иелігінде бір малыныңжоқтығына қарамастан, осы тас алатын жердің айналасының бәрін жайылым ретіндесатып алған. Қарабастау ауылы Бадам өзеніне жақын орналасқан. Егер тасты алаберсе, өзеннің арнасы бұзылып, ауылға ағын су келмей қалады. Содан кейін халықтас алдырмады. Тас алдырмаған соң, жайылымды жыртып, ағын суды бітеп отыр. «Тасбермесеңдер, жайылым жоқ» дейді. Осы мәселе әлеуметтік желіде көтерілген соң,Шымкент қаласы Абай ауданынан (себебі бұл аумақ бірнеше жыл бұрын Шымкентқаласына өтіп кеткен) жер мамандары келді. Олар «картада бұл жер егістікеарналған, сондықтан жырта беруіне болады», – деп кетіпті. Прокуратура, әкімдік,жер кадастры тарапынан ешқандай қозғау болмай отыр. Сонда Сахыбековке келгенде,заң жоқ па? – дейді арызданушы.

Алайда біз хабарласқан Серік Сахыбеков арызданушының айтқандарын жоққашығарды. Ауылдағы мектепте директордың орынбасары болып істейтін, одан бөлек,шағын шаруашылығы бар азамат көпшілікке қарсы ешқандай қысастық жасамағанын,адал кәсібімен күн көріп жүргенін айтып ақталды.  

– Мен Ақбұлақ ауылында тұрамын. Айдап жатқан өзімнің өкіметтен алған заңдыжерім. Уақтында Ордабасы ауданына қараған кезде пайдаланған жоқпыз. Шымкенткеөткен соң, әкімдіктен хат келді.  Ендіайдап, жүгері егіп жатырмын. Ал ағын су осындағы елді мекендердің қауіпсіздігіүшін бекітілген. Соңғы күндері Бадам өзеніндегі су көтерілді. Ауылдағы үйлердіалып кететін болған соң, тұрғындар техникамды сұрап, арықты бітеді. Енді жәрдемберген мен жаманатты болып отырмын. «Өзеннен тас алады», деген бос сөз. Заңсызтірлік істеуіме осындай кезде  құзырлыоргандар жол бере ме? Ал жердің бәрін уақытында өкіметтен заңды түрде алғанмын.Бұған інімнің ешқандай қатысы жоқ. Оның жер инспекторы болғаны былтыр ғана.  Егістік жер аудан әкімдігінің шешіміменберіледі. Оған Бадам ауылдық округінің құзыры жүрмейді, – деген Сахыбековауылда өзін қарабет қылу үшін жұмыс істейтін азаматтардың барын алға тартты.

– Мен сол Қарабастау ауылына кезінде мешіт салып бергенмін.Жетім-жесірлерге қарайласып тұрамын. Былтыр мені, тіпті, бір адамға атқызған.Құдай сақтап тірі қалдым. Атқан адам сотталды. Бұл жағы ұзақ әңгіме, – дегенСахыбеков Бадамға қытайлық кәсіпкерлерді өзі емес,  әкімдер алып келгенін, қытайларға жердісатпағанын, басқа кәсіпкердің жерімен айырбастағанын, Серікжан Сейітжанов мұнайзауыты салып жатқан жерін өкіметтен сенімді басқаруға алғанын алға тартты. ДегенменСахыбеков осындағы қазақ-түрік индустриалды аймағындағы кейбір инвесторларға жерсатқанын жоққа шығарған жоқ.

Бадам ауылдық округінің әкімі Бақытжан Оразалиев елді мекенге баратынарықты бітеу тасқын қаупі туған соң, жасалғанын растады.

–Үш үйге су алу қаупі төнген соң, арықтарды бекітуге Сахыбековтыңтехникалары пайдаланылған. Осы жөнінде халықпен әңгіме өткізілді. Бір аптаданкейін ағын су берілетін болып келісілді, – деді әкім.

Қос тараптың пікірінен кейін мәселеге төрелік айтудың қиын екендігі рас.Әрине, дау-дамайға төрелік айту біздің құзырымызда емес. Дегенмен…

Осындайда өкіметтің жерді жаппай сату жөнінде заң қабылдап, оған  халықтың қарсылық білдіргені, оның соңы заңғамораторий жариялаумен аяқталғаны еске түседі. Егер ауылдағы жердің бәрінқалталылар иелене берсе, мұның соңы бітпес дауға айналады. Жоғарыдағы жәйтосыны айғағы. Бадамдағы дау-дамайдың түп-төркіні жайылымның жыртылғанында,арықтың бітелгенінде емес, бар гәп жергілікті атқамінерлердің жердің көбінСерік Сахыбековтың қанжығасына байлап бере салғанында жатқан сияқты. Бұданкейін өкпе-реніштің туындауы заңды. Ал С.Сахыбеков өкіметтен алған жерінжекелеген инвесторларға сатып, пайдаға шаша етектен кенеліп жатса, наразылықөршімегенде қайтсін.

Осыншама жер бір азаматтың иелігіне қалай өткен? Мұның арғы жағында қандайқұпия бар? Серік Сахыбековтың өзі мойындағандай, мемлекеттен егістік ретіндеберілген жерлер бұған дейін жайылым ретінде пайдаланылған. Оншақты жыл бойыештеңе егілмеген. Сонда жерді қадағалап отырған құзырлы мекемелер қайда қараған?«Егер жер пайдаланылмаса, мемлекет алып қояды», – деген талап Сахыбековкекелгенде, неге іске аспай қалған?  Жеркодексі бойынша халықтың ортақ жайылымы, мал айдайтын жерлер, суаттар жекеменшіккеберілмеуі тиіс.  Сахыбековке мұндайжерлер қаншалықты заңды берілген? Ал алған жерін инвесторларға сату қандай заңныңаясында жүргізілген? Мұның арғы жағында қитұрқы әрекет жатқан жоқ па? Соңғыжылдары «жерге қадағалау күшейді» дедік. Қазір облыста осы жұмыстармен бір емесекі бірдей басқарма айналысады (жер қатынастары басқармасы және жер инспекциясыбасқармасы). Қос басқарма қайда қарап отыр? Егер жердің бәрін қалталылар иеленеберсе, оның ақыры неге апарып соғады? Ауылда тұратын халықтың бәрінің де жердехақысы бар емес пе?

Бір анығы, қос елді мекендегі жерге қатысты дау-дамай мұнымен бітпейді.Былтыр қытайлық инвесторлар, биыл жайылым. Ертең тағы да бір нәрсенің бұрқ етеқалуы әбден мүмкін. Қазірдің өзінде тып-тыныш жатқан ауылда оқ атылып жатса,ертең қайғылы оқиғалардың орын алмасына кім кепіл?

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Түркістан облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38
  • Біржақты қарамайық...
    15.10.2020, 10:30