Байлыққа салық енгізу мүмкіндігін қарастыру керек - Тоқаев
Тұрақты экономикалық өсу болжамды салық саясатына тікелей байланысты. Фискалдық реттеуді қайта жүктеу мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексі дайындалады.
Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты.
Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Президент өз Жолдауында салық саясатына тоқталып өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев салықтық басқару функциясы толығымен жаңартылуы керектігін баса айтты.
«Сондай-ақ, кез келген бетпе-бет өзара іс-қимылды болдырмай, салықтық бақылауды толық цифрландыруды қамтамасыз ету міндеті тұр. Өркениетті сауданы дамыту үшін барабар мөлшерлемелермен және қарапайым рәсімдермен бөлшек салықты қолдануды кеңейту қажет. Салық реформасы аясында «сән-салтанатқа салық» енгізу мүмкіндігін қарастыру маңызды», — деді Президент.