Байқоңырдан бортында ресейлік байланыс спутнигі бар "Протон-М" ұшырылды

01.06.2019, 09:00

4

Ресей мемлекеттік «Роскосмос» ғарыш корпорациясы 30 мамырда Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасығышымен «Ямал-601» байланыс спутнигінің ұшырылғанын хабарлады. Корпорация дерегінше, зымыран Нұр-Сұлтан уақытымен 23.42-де ұшқан. «Роскосмос» хабарына қарағанда, үдемелі блоктан ғарыш аппараты «тиісті уақытында» — 31 мамыр күні таңда ажыраған.

«Роскосмос» франциялық Thales Alenia Space (TASF) компаниясы әзірлеген спутник Ресейдің басым бөлігінде, ТМД елдерінің аумағы мен Еуропада, Таяу Шығыс пен Шығыс Азияда байланыс пен деректерді алмасу қызметін көрсететінін айтады. Спутник орбитадағы «Ямал-202» серігін алмастыруы керек. Корпорация хабарында «Телекоммуникациялық спутникті орбитаға шығаруға ресейлік „Газпром ғарыш жүйесі“ спутник операторы мүдделі болды» деп жазылған.

«Роскосмос» М. В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығының директоры Алексей Ворочконың «Жыл соңына дейін кем дегенде бес рет федералдық мүдде аясында және коммерциялық мақсатта „Протон-М“ зымыран тасығышын ұшыру жоспарланып отыр» деген сөзін келтіреді.

Бұл — «Протонның» соңғы алты айдағы алғаш ұшуы. Былтыр желтоқсанда Байқоңырдан «Протон-М» Ресейдің әскери спутнигімен ұшқан.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04