«Байтал» шабатын, ұл сөйлейтін заман туа ма?

23.04.2020, 12:27

9

Әйелдер мен жастарғаПарламент мандатының 30 пайызы берілмек

Саяси партиялар сайлауда тізім жасақтағанда, әйелдер менжастарға 30 пайыз квота беруді ескеретін болады. Парламент Мәжілісі пленаралықотырысында сайлау заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізілді.

«ҚР Сайлау туралы» заңына толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын дайындаудыҚР Президенті Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің екінші отырысында тапсырған-ды.Әділет министрі Марат Бекетаевтің айтуынша, заң жобасына сәйкес, сайлау тізіміндеәйелдер мен жастарға 30 пайыз квота енгізу көзделген.

Министр әйелдер мен жастардың сайлау процесіне тең қол жетімділігінқамтамасыз ету үшін, көптеген мемлекеттерде қажетті шаралар қабылданғанын ескесалды. Оның айтуынша, мысалы, Германия, Норвегия, Франция, Бельгияда сайлаузаңы деңгейінде партиялық гендерлік квоталар бар. Осыған орай, халықаралықтәжірибе ауқымында жаңа талаптар әйелдерді қоғамдық-саяси үдеріске тартуғамүмкіндік береді, деп есептейді министр. Сонымен бірге,  жастардың Парламент пен жергілікті өкілеттіоргандарына келуіне де жол ашылуы керек.

Сондай-ақ «Саясипартиялар туралы» заңға толықтырулар мен өзгерістер арқылы саяси партиянытіркеу талабындағы 40 мың адам санын 20 мыңға азайту қарастырылған. Бұл саясипартияларды құру жұмысын жеңілдетіп, мемлекеттік шешім қабылдауға атсалысатынжаңа партиялардың пайда болуына жол ашады, деп есептейді үкімет өкілдері. 

Мәжіліс мақұлдаған бұл өзгерістер әлеуметтік желілерде журналистер,азаматтық қоғам өкілдері арасында қарама-қайшы пікір тудырды. Әйел белсенділер«биілікте қыз-келіншектердің көп болуы қазақ қоғамындағы қордаланып қалғанәлеуметтік, экономикалық, рухани мәселелердің шешімін табуына ықпал етеді», депжазды. Олар мұны өздеріне берілген жаңа мүмкіндік деп қабылдаса, өзгерістергекүмәнмен қараушылар да бар. Тіпті, жастар мен әйелдерге 30 пайыз квота берілгенкүннің өзінде, қандай саяси күштердің өкілдері бұл жеңілдіктерге ие болмақ?Билік Парламенттегі саяси күштердің шынайы теңдігін қамтамасыз ете ала ма?

Әлеуметтік желі белсенділері азаматтық қоғамның ең маңызды тетіктерінеқатысты «карантин кезінде, жұрт талқысына ұсынылмай, ел пікірін білдірмей тұрып,өзгеріс енгізгелі жатыр», деп жазды. «Бұл қос заңдағы конституцияға, адамқұқығына қайшы тұстар түзетілді ме, әлде сылап-сипап өте шықты ма?» дегенсияқты күмәндер айтылды.

Дегенмен, кейбір сарапшыларжаңа бастамаларға «елдегі саяси жүйені эволюциялық жолмен дамытудың алғышарттары», деп үміт артады. Еуразиялық интеграция институтының директоры, ҚРПрезиденті жанындағы қоғамдық сенім Ұлттық кеңесі мүшесі  ЕрланСайыров «Сайлау туралы», «Саяси партиялар туралы» және бұған дейін жоғарыпалатаға жолданған «Митингтер туралы» заңдарға өзгерістердің барлығы Ұлттықкеңесте көтерлігенін еске салады. Оның айтуынша, бұл заңдар бойынша жұмыстобына Ұлттық кеңес мүшелері, тәуелсіз қоғамдық сарапшылар жұмылдырылған. Азаматтыққоғам, құқық қорғаушылар, ЕО, ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйым өкілдерімен пікірталасөткізіліп, түрлі алаңдарда талқыланған. Сондықтан, сарапшылар, заңдағы жаңаөзгерістер саяси өмірге жаңа леп әкеледі деп сенеді.  


Айжан Жеңісқызы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34