Байзақта ауызсу мәселесі біртіндеп шешіліп жатыр

19.05.2020, 12:51

5

«Су – тіршілік көзі» деп халқымыз теккеайтпаған. Бұл ретте мемлекет тарапынан да соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын,білімі мен денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар мақсаттыбағдарламалар қабылданып, жүзеге асуда. Соның ішінде бүгін біз Жамбыл облысыБайзақ ауданында атқарылып жатқан ауызсу мәселесі бойынша жұмыстарғатоқталмақпыз.

 Байзақ ауданында ұзын-ырғасы 43 елді мекенболса, соның 20-сы ауызсумен қамтылыпты. Бұл қазіргі таңдағы жергілікті халық санымен 47 904 адам немесе 44,6 пайызды құрайды. Осы таза ауызсуменқамтамасыз етілген 17 елді мекенге «Байзақ су» мемлекеттік коммуналдықкәсіпорны, үш елді мекенге «Теміржол су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіқызмет көрсетеді. 

 Байзақтағы ауызсу бойынша атқарылып жатқанжұмыстар жайында аудан әкімі Нұржан Нұржігітовті сөзге тартқан едік.
   – Ауданда биыл су қабылдау құрылыстарымен су құбыры желілерін салу бағытында сегіз жоба қолға алынды. Аталмышқұрылыстарға жалпы сомасы 4 миллиард 727 миллион теңге  қаржы қаралып отыр. Құрылыс барысында 380жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады. Оған қоса, Мәдімар ауылындағы Қ.Нұрановакөшесін сумен жабдықтау бойынша ағымдағы жұмыстарға республикалық бюджеттен 5 миллион210 мың теңге, Дихан ауылының сумен жабдықтау желісі  мен құдықтарынағымдағы жөндеуге 18 миллион теңге бөлінді. Бұл жұмыстар «Жұмыспен қамтудың жолкартасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
    Бүгінгі таңда аудан аумағындағы елдімекендерге су желілерін тартып, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтуғабағытталған шаралар қарқынды  түрде  жүргізілуде. Бұл сөзімізге ауданаумағында атқарылып жатқан шаруалар дәлел бола алады. Атап айтар болсақ, өткенжылы аудан орталығы  Сарыкемер ауылы мен Талас ауылында ауызсу құбырларынжүргізу жұмыстары басталған болатын. Талас ауылындағы сумен жабдықтаужелілерінің су қабылдайтын құрылыстарын салу жұмыстарына жалпы сомасы 638миллион 439 мың теңге қарастырылып, (2019 жылға – 233 млн 15 мың теңге, 2020жылға – 405 млн 424 мың теңге), ондағы құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылыаяқталады.

   Ал Сарыкемер ауылында жүргізіліп жатқанқұрылыс жұмыстары ауқымды болғандықтан, 2021 жылы аяқтау жоспарланған. Оған республикалықжәне облыстық бюджет есебінен 3 миллиард 402 миллион теңге қаржы қаралыпотыр. Бұл бойынша 2019 жылға – 456 миллион 815 мың теңге, 2020жылға – 1 миллиард 666 миллион 667 мың теңге, 2021 жылға1 миллиард 278 миллион 648 мың теңгебюджеттен қаржы қаралған, – дейді аудан басшысы.
     Биыл Байзақта бұдан бөлек, «Өңірлердідамыту» бағдарламасы аясында Байзақ, Қостөбе, Көктал және Сеңкібай елді мекендерінесу қабылдау құрылыстары мен су  құбыры желілерін салу жұмыстары басталыпты.Сонымен қатар таза ауызсумен қамтылмаған бес елді мекенді (Базарбай, Үлгілі,Аққия, Сарыбарақ ауылдарына жаңа құрылыс, Қызыл жұлдыз ауылына қайта жаңғырту)ауызсумен қамту үшін қажетті қаражат қаралып, жобалық-сметалық құжаттамасынәзірлеу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде екен. Сондай-ақ биылБайзақтағы үш елді мекен – Талас, Жаңатұрмыс, Бурыл ауылдарында құрылыс-монтажжұмыстары аяқталады деп күтілуде. Ал келер жылы бес елді мекен (Сарыкемер,Байзақ, Қостөбе, Көктал, Сеңкібай) таза ауызсумен қамтылады деп жоспарланғанекен.

    Орайы келгенде аудандағы Көкбастау ауылынтаза ауызсумен қамту бағытында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп,мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, бюджеттік өтінім жолданыпқойғанын айта кетейік.
   Ал аудан аумағында орналасқан халықсаны жағынан аз қоныстанған төрт елді мекен – Төрекелді, Қайнар, Төрткөл,Жаңасаз ауылдарына облыс әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасытарапынан орталықтандырылған модульді су құдығын орнату жұмыстары жоспарланыпотыр. 
     Өз кезегінде мемлекеттікбағдарламаларды күтпей-ақ, әрекет етіп жатқан ауыл тұрғындары бар. Айталық, Жаңатұрмысауылдық округіне қарасты Ақшолақ елді мекенінде бүгінде таза ауызсуға қосылмаған70 ауланың тұрғындары 65 мың теңгеден өз қаражаттары есебінен су жинау ғимаратынақосылу жұмыстарын қолға алыпты.
     Қазіргі таңда өңірде геологиялық суқорын анықтауға байланысты шаралар, ауызсуды барлық үйге жеткізу мәселесі, сужеткізілген барлық үйлерге су есептегіш құрылғыларды орнату жайы, сушаруашылығы мамандарының көмегімен өңірдегі жерасты тұщы су қорының мөлшерінанықтау бойынша нәтижелі жұмыстар орындалуда. Сондай-ақ ауызсу тазалығынназарда ұстау да басты мәселелердің бірі болып табылады. Бұл орайда, ауызсудыңсанитарлық талаптарға сәйкестігін Байзақ аудандық тауарлар мен көрсетілетінқызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қамтамасыз етеді.

    Мамандар елді мекендерде су сынамаларыналып, зертханада сараптама жүргізіп отыру үшін бақылау нүктелері таңдалып,бекітілген, тұрақты мониторинг жүргізіліп тұрады. Соның нәтижесінде Байзақта бүгінгітаңда ауызсумен байланысты таралған аурулар тіркелмеген. Жаңадан құбыр тартылғанаймақтарда тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен қатар, денсаулықтарыныңда жақсара түскені байқалуда.
     Осындай ауқымды жұмыстардыңнәтижесінде, бұйыртса, 2024 жылы Байзақтағы 43 елді мекеннің тұрғындарын тазаауызсумен толықтай қамтамасыз ету көзделуде. Оны енді уақытында көре жатармыз.

Нұрболат ӘЛДИБЕК

Жамбыл облысы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16