Байзақтағы «білім орталықтарының» жұмысы жүйелі

14.11.2019, 17:51

14

«Цифрлы Қазақстан»бағдарламасының негізгі төрт бағытының біріншісі ауыл аймақты кең жолақтыинтернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыруғабағытталғаны белгілі. Бұл ретте ауылдық жерлердегі клубтар мен кітапханалардыңбазасынан тұрғындардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді адамның өзі баруынқажетсінбейтін электронды форматта алуы үшін ақпараттық орталықтар ашужоспарланған еді. Осы мақсатта, өткен жылы ауданда ауыл  кітапханаларының жұмысын жаңғырту және шалғайелді мекендердегі тұрғындарға мемлекеттік қызметттердің қолжетімділігін арттырумақсатында Байзақ ауданындағы 8 ауылдан, яғни Дихан, Түймекент, Абай, Бурыл,Қостөбе, Қызыл жұлдыз, Мырзатай, Ынтымақ ауылдарынан цифрландырылған ақпараттықорталықтар ашылған болатын. Орталықтарды ашу үшін жергілікті бюджеттен 2 миллион500 мың теңге қаржы бөлініп, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Осы орайда аудандық орталықкітапханада өткен жылы «Білім орталығы» (коворкинг) ашылды. Орталықтақоғамдық емес ұйымдар, ұжымдар, мекемелер мен бірлестіктер, қызығушылық клубтарәртүрлі жиындар, іс-шаралар өткізіп келеді. «Білім орталығында» «Кітапханағакітап сыйлайық» атты акциялар, аудандық орталық кітапхана қызметкерлері менклуб мүшелерінің ұйымдастыруымен «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр», «Аналар –отбасымыздың  тірегі», «Байзақ елі-тарихиөлке» атты әдеби-әуенді кештер, «Ерлік-ұрпаққа ұран» атты портрет кеші, этномәдениорталықтарының ұйымдастыруымен «Рухани келісім-береке бастауы», «Алғысайту-асыл қасиет» атты дөңгелек үстелдер өткізілсе, «Zhasprogekt» жобасыныңментор-тренері А.Ильясова жас кәсіпкерлермен кездесу кешін өткізді.

Жыл басынан бері Амангелді, Байзақ,Үлгілі, Көктал, Жетібай, Аймантөбе, Кеңес, Тегістік, Сарыкемер, Жақаш ауылдықкітапханаларынан тағы да ақпараттық орталықтар ашылып, оған жергіліктібюджеттен 5 миллион теңге қаржы қарастырылыпты. Ашылған орталықтарда «е.gov»порталы арқылы мемлекеттік қызметтің 13 түрі көрсетіледі. Енді ауыл тұрғындарықажет болған жағдайда аудан орталығы Сарыкемерге бармай-ақ, салық берешегінқарау, мекенжай анықтамасын, зейнетақы қорынан, сотталғандығы, сотталмағандығыжөніндегі анықтамаларды, наркологиялық, психологиялық, туберкулездиспансерлерінде есепте бар, жоқтығы туралы анықтамаларды, балабақшаға кезеккетұру, несие тарихы, ЭЦК – өтінім беру, жылжымайтын мүліктері бар–жоғы туралыанықтамаларды  алуға қол жеткізуде.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлеріосынау  ашылған орталықтар туралы  ауылдық округтерде, ауыл тұрғындарыныңарасында түсіндірме жұмыстарын  жүргізіп,хабарландыру жасады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16