Байзақтың ауылдарына ауыз су келіп, жолдары жөнделуде

21.11.2019, 18:17

10

Халық санының өсуі бойынша өңірде көш бастап тұрғанБайзақта жол жөндеу жұмыстары да қызу жүріп жатыр. Мәселен аудандық маңызы бар132,07 шақырымдық автомобиль жолдарына, елді мекен көшелеріне және көпірлергеорта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуінқамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 485,9 миллион теңге бөлініп, 4 аудандықмаңыздағы автомобиль жолының 20,35 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.Бұдан бөлек 4 көпір мен темір бетонды құбырларында орта жөндеу жұмыстары жүріпжатқан болса, 5 елді мекен көшелеріне орта жөндеу жұмыстары, 8 аудандық мәндегіжолдарға ағымдағы жөндеу және 2 елді мекен көшелеріне шағал тас төсеу жұмыстарытолығымен аяқталған.

Байзақтың жаңа әкімі Нұржан Нұржігітов сондай-ақ облыстық маңызы бар«Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» автожолының 3,4-14,4 шақырымы аралығынқайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Жобаны іске асыру 2019-2020-шыжылдарға жоспарланған. Бұл бағытта биыл 880 миллион теңге қаржы қаралыпты.Нысан 2020-шы жылға өтпелі. Одан бөлек «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық»автожолының 1,7-7 километр аралығын қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Бұлжобаның да іске асырылу мерзімі келесі жылға өтпелі.

Жалпы, Байзақ ауданы аумағындағы 43 елді мекеннің 20-сы,пайызға шағатын болсақ 46,5 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етіліпті.Биыл 2 елді мекен, атап айтсақ Сарыкемер және Талас ауылдарына таза ауызсукіргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде екен. Ал 2020-шы жылы 4 елді мекенге, яғниҚостөбе, Сеңкібай, Байзақ және Көктал ауылдарында ауызсу құрылысы жұмыстарынжүргізу жоспарланған. Бұдан бөлек тағы 3 елді мекен бойынша 3 жоба – Жаңатұрмыс,Көкбастау мен Бурыл бойынша биыл мемлекеттік сараптамаға ұсынылып, бұл ретте Бурылауылы №РЕ-013519 санды мемлекеттік сараптама қорытындысын алыпты.
Сонымен қатар, аудан бойынша 45 емдеу мекемесі тұрғындарға қызмет көрсетсе, денсаулықсақтау ұйымдарында бастапқы медициналық құжаттама нысандарының 100 пайызыэлектрондық нұсқаға көшіпті.

«Ауылына қарап азаматын таны» демекші, Үлгілі ауылыныңжастары өз қаржыларына кіші футбол алаңын салып жатса, Көкөзек ауылынан жекекәсіпкер А.Жантаев 5 миллион теңгеге жабық спорт залын және кіші футболалаңының құрылысын бастап кеткен. Сондай-ақ, Кәсіпкер Л.Жабатаева Сарыкемерауылындағы орталық саябақта тұрғындарға арналған құны 1,5 миллион теңге болатынспорт алаңын салып бермекші,- дейді аудан әкімі Н.Нұржігітов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27